Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті ардагерлер!Сіздерді Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қарттар күні – еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін қажырлы еңбек еткен, халқымыздың болашағы үшін тер төккен алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Елімізде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне көп көңiл бөлiнуде. Жыл сайын зейнетақының өсуi, көпбалалы аналардың жәрдемақысының көбеюі, сондай-ақ, соғыс және еңбек ардагерлеріне жасалып жатқан жеңiлдiктер – аға буын өкілдеріне арналған қамқорлық. Қариясын құрметтеген елдің қашанда ертеңі биік, мерейі үстем болары анық.
Қадірлі жерлестер!
Тәуелсіз еліміздің жас буынын патриоттық рухта тәрбиелеуде қарттарымыз әлі де жол көрсетіп, аталық ақыл-кеңестерін береді деген сенімдемін.
Бүгінгі мерейлі мереке күні барша ардагерлер қауымына мықты денсаулық, күш-қуат, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Құрметпен Қазалы ауданының әкімі
Мұхтар ОРАЗБАЕВ
01 қазан 2021 ж. 911 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930