Қарттарын қадірлей білген елміз
Сіздерді Халықаралық Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Әр халықтың бойында сонау заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың осындай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау.
Біз «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деген халық даналығымен сусындап, қашанда ардагерін ардақтап, қариясын құрметтеген халықпыз.
Ақсақалын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік. Оларға әрдайым қамқорлық жасау біздің басты парызымыз. Бұл ретте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекет тарапынан жыл өткен сайын қарияларымызға төленетін зейнетақы мөлшері артып, әлеуметтік қолдаулар үзбей көрсетіліп келеді.
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, күш-қуат, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін!
Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ