Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі қарттарды құттықтады

Аудан әкімі қарттарды құттықтады

Қымбатты ардагерлер!
Сіздерді Халықаралық Қарттар күні мерекесімен құттықтаймын.
Әр халықтың бойында сонау заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың осындай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау.
Біз «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» деген халық даналығымен сусындап, қашанда ардагерін ардақтап, қариясын құрметтеген халықпыз.
Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік. Қазыналы қарттарымызға әрдайым қамқорлық жасау біздің басты парызымыз. Бұл ретте, Президенттің тапсырмасымен мемлекет тарапынан жыл өткен сайын қарияларымызға төленетін зейнетақы мөлшері артып, қарттарымызға әлеуметтік қолдаулар үзбей көрсетіліп келеді.
Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, күш-қуат, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін!
Құрметпен
Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаев

01 қазан 2020 ж. 951 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 26

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930