Аудан әкімінің құттықтауы
Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Биыл – ел тәуелсіздігіне 30 жыл! Егемендік жылдарында дүниеге келген ұрпақ бүгінде мемлекеттік қызметтің әр саласында табысты еңбек етуде. Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Еліміздің әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы да көп жағдайда өздеріңіздің жанкешті қызметтеріңіздің жемісіне байланысты. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ғана еліміз табысы мол, гүлденген мемлекетке айнала алады.
Қадірлі әріптестер!
Дана халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген сөз бар. Мемлекеттік қызметшінің еңбегі туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады. Сондықтан қашанда жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы керек.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін!
Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!
Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұхтар ОРАЗБАЕВ