Мерекелік құттықтау
Құрметті аудан спортшылары!
Қадірлі спорт саласының ардагерлері!
Сіздерді спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Спорт – адамзат өміріне алапат күш сыйлап, тәнге қуат, жанға мықты рух сыйлайтын қастерлі дүние. Сондықтан сергек болудың, сау болудың бірден бір жолы – спортпен шұғылдану.
Салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты спортпен және дене шынықтырумен белсенді шұғылдануға тарту – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі. Жастардың, бүкіл ұлттың денсаулығы, еліміздің қуаты көп жағдайда оның табысты түрде жүзеге асуына байланысты.
Біздің ауданымызда дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдану жаппай өрістеп, тұрғындарға барынша қолжетімді болуы үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Спорттық инфрақұрылымдар жаңғыртылуда, жаңа спорт кешендері мен алаңдар салынып, олар елді мекендердің спорттық өмірінің орталығына ғана айналып қоймай, айналаға көрік беруде.
Қымбатты қазалылықтар!
Еліміздің еңсесін көтеруде, мемлекетіміздің өркендеуі жолында биік белестерді бағындыруларыңызға, дүбірлі додаларда жеңістерге қол жеткізулеріңізге, ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруларыңызға шын жүректен тілектеспін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!
Жеңісті әрі жемісті күндеріміз көп болсын!
Ізгі ниетпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұхтар ОРАЗБАЕВ