Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Аранды» атауы қайдан шыққан?

«Аранды» атауы қайдан шыққан?

Тарихи шежірелі өлке – Қазалы топырағында атауы да, қадірі де ерекше мекендер бар. Солардың бірі – Аранды.
Тіл білімінің лексикология саласында жер-су атауларын зерттеп-зерделейтін «топонимика» деген тарау бар. Географиялық аймақ жиынтығын беретін бұл ғылыми салаға бойласақ, кез келген атау сол маңның физикалық-географиялық жағдайы, жергілікті халық өмірінің этникалық ерекшеліктері, тарихи-әлеуметтік тағдырынан тамыр тартады.
Арандықыр – биік нұралардан тұратын аймақ. Бұл атаудың ертеде Оғыздар мекен еткен өлкенің өмір салты мен тіршілік күресі барысында пайда болғанын болжау қиынға соқпайды.
Аранды – негізгі сөз емес, сөз тудырушы жұрнақ арқылы түзілген туынды түбір. Ал «аран» сөзі туралы тілдік қорымызда мысалдар жеткілікті. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде оған түрлі анықтама береді. Мәселен, «аран – аң аулау үшін кең әрі терең етіп қазылған ор» делінсе, жергілікті жұрт «аран» атты бір кезде қалың өскен қамысты ұштап, оның ішіне қадап киік, ақбөкен сияқты аңдарды қуып келіп құлатып түсіретін аң аулау құралы болғандығын айтады. Сөздікте бұл жайлы «кірпіш пен істіктен жасалған кең қоршау» деген жолдар бар. Жазушы Ғ.Мұстафиннің шығармасында: «Бұзау, сиыр, бұқа қамаған арандар анадайдан көрініп тұр» деген қатар бар. Мұнда «аран» «қора» сөзінің синомимі ретінде көрсетіліп отыр. Сондай-ақ аран – көкнәр тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік атауы. Аталмыш өсімдіктің бұл жерге қатысты-қатыссызы беймәлім.
Жақында жарық көрген «Аранды жырлары» атты жинақта «аранға» айналасын су басқан арал», «көсіктің құмы» деген де мысалдар келтіреді. Бұл кітапта арандының этимологиясын «ар» – алдайтын, арбайтын қора, «ан» – «аң» сөзінің өзгерген формасы ретінде ұсынылады.
Осы орайда ойға оралатын қолданыста кеңінен қолданылатын «аранның» ауыспалы мағынасы «ауыз», «көмей», «құлқын», «араны ашылды» тіркесі «тәбеті тартып, тамақ жегісі келді», «ашқарақтанды», «қомағайланды», «ашкөздендіні» ұғындырады.
Ал сөздіктегі «аранды» сөзіне – «араны бар, арындататын» деген түсінік беріледі.
Әдетте саят құрып, аңшылық еткен жан олжасына онан әрі құнығып, қашқан құс, жүгірген аңның ізінен алысқа кетіп қалады. Демек «араны ашылу» яки «құнығудың» алғашқы ұғымы дәл осы аңшылықтан шықса керек-ті.
Сөзіміздің басында айтқандай, «аран» сөзіне жалғанған -ды қосымшасы жаңа сөз тудырып қана тұрған жоқ, сонымен қатар көптік мағынаға иелігін ұғындырады.
Жоғарыда келтірілген анықтаманың қай-қайсысы да Аранды ауылына қатысы барын байқатады. Қыр аты аталған атау ой-шұңқыры, бел-белесі, шоқылары көптігімен аң аулауға қолайлы. «Айналасын су басқан арал» дегенге келетін болсақ, бұл жер Аралдың қайраңы болғандығы туралы дәлел бар. Сондықтан сулы өңірге байланысты аталуы да бек мүмкін. Түсінгеніміз, «аранды» сөзі «араны көп» дегенді ұғындырады. Қызығушылықтан туған ізденіс бұл сөздің толық мағынасын беретін ғылыми тұжырымдама бола алмайды. Алайда жас ұрпақ жадына теңізге тамған тамшыдай үлес қоса алсақ, туған жерін тану арқылы танымын кеңейтері анық.

А.МЕЙІРХАНОВА
14 қыркүйек 2021 ж. 1 649 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930