Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қожабақы атауы қайдан шықты?

Қожабақы атауы қайдан шықты?

Аранды ауылдық округінің орталығы Қожабақы ауылы Әйтеке би кентінен 45 шақырым, Сырдария өзенінің сол жағалауынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауыл 1921 жылы Қожабақы артелі болып құрылған. Артелдің негізінде 1947 жылы М.Горький атындағы колхозы ашылады.
1949 жылы Фрунзе мен М.Горький атындағы колхоздары бірігіп орталығы М.Горький болып бекітіледі. Сол жылы «Социализм» және «Жантақты» колхоздары бірігіп А.Жданов атындағы колхоз болды. Ал 1958 жылы колхоздарды ірілендіру саясатына байланысты М. Горький және Жданов колхоздары бірігіп орталығы А.Жданов болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін 1998 жылы тарихи атауларды қайта қалпына келтіру байланысты округ орталығы Қожабақы ауылы болып аталды.
Елді мекен атауы көпшілікті қызықтыратыны анық. Қайдан шыққан, не үшін «Қожабақы» атанды? Кез келген мекеннің аты сол жердегі тарихи оқиғамен байланысты екендігін білеміз. Жер-су атаулары мен оның жазбаша тарихы. Бұлар халық қазынасы, сол кезеңнің өмір айнасы деп бағаланса артық етпес.
Ал ауыл атауының тарихына мән берсек, ертеректе осы маңда өмір сүрген әулиенің құрметіне қойылған деседі.
Х\/ІІ ғасырдың соңы мен Х\/ІІІ ғасырдың басында өмір сүрген Қарахани Бақы қожа есімді ғұлама ұрпағына дін тарату мақсатымен Сырдың төменгі ағысына көшіп келеді. Әулие, ислам дінін уағыздаушы Бақы қожа мешітті басқарып, бала оқытқан. Діни біліміне байланысты ишан атанып, адам ­емдеумен айналысып, күн райын болжап отырған. Бақы қожа атақты Шағырай батырмен жақын араласып, оның діни кеңесшісі, пірі, халықтың рухани ұйымдастырушысы болған. Қарасақал Шағырайдың ерліктері қағаз бетінде көп жарияланбаған. Себебі, тарихшылар қазақ жерінің шығысындағы қалмақ, жоңғарлармен соғысы туралы көп жазған да, ал батыстағы түрікмендермен, Хиуа мен Қоқан хандары және Құба қалмақтармен елі мен жерін қорғаудағы соғыстары туралы аз жазған. Орта Жүз қазақтары жоңғармен соғысып жатқанда, қазақ жерінің батысы мен оңтүстік батысын Кіші Жүздің осы Шағырай секілді батырлары қорғаған. Бұл туралы аз да болса жерлесіміз, шежіреші Төлепберген Тілеуқабылұлының «Шағырай батыр» кітабында жазылған. Сол кезеңде «Шағырайлап» аттандыру ұранға айналған.
Құймақұлақ Өмірзақ Шайымов ақсақалдың айтуынша, Бақы қожаның елге көшіп келген маңы «Қызыл жыңғыл бабыс» деген Қарасақалдардың орналасқан жері екен. Қожа елден шеткері орналасып, тіршілік қамына кіріседі. Жергілікті тұрғындар сырттай ол кісінің ерекше қасиеттерін бақылап жүреді. Сол шамада Қарасақалдардың бұрынғы пірі қайтыс болып халық « Біздің арамызда қасиетті бір кісі бар, оның орнына соны пір сайлаймыз», – дейді. Қожаны үйіне іздеп барса, әйелі: «Қожа отын әкелуге кетті» – депті. Ізінен барған қауым оның бір жолбарысқа отын артып жатқанына куә болады. Барғандар қожаның ерекше қасиетіне тәнті болып, сол кезден бастап Бақы қожаны өздеріне пір тұтып кеткен екен.
Кеңес өкіметі орнағанға дейін әр рудың өз биі, батыры, пірі болған. Осылар арқылы хан мен сұлтандар халықтың басын біріктіріп, ел билеген. «Төбесіз жер болмайды, төресіз ел болмайды», «Нанның қиқымынан, қожаның ұсағынан сақта» деген мәтелдер осыдан қалған.

Дайындаған Дина БӨКЕБАЙ

20 сәуір 2021 ж. 3 078 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930