Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » "Аранды" атауы қалай қалыптасқан?

"Аранды" атауы қалай қалыптасқан?

Қазалы ауданына қарасты «Аранды» деген шағын ауыл бар. Құм қойнауындағы осынау берекелі мекен талай жанға шаттық шаңырағы, бақыт бастауы болған.
Ауыл ежелден осындай атауға ие. Бертін келе 1949 жылы Жданов колхозы болады.Колхоздар тарап, жеке-жеке серіктестіктер құрылған кезде «Аранды Қыр» ЖШС, «Ақшоқы» ЖШС болып өзгергенімен, ел егемендік алған жылдары ауыл «Аранды» деген тарихи атымен қайта атала бастады.
Ескілерден жеткен естелікті сөзін ескерсек, «аранды» сөзіне қатысты мынандай дереккөздеріне жолығамыз.
Ертеде бұл маңды қоныс етіп отырған тұрғындар жерін су басып, адамдары да, аңы да құрғақ биік қыр, нұралардың басына жетуге ұмтылыпты. Осылайша араны ашылған табиғат құбылысынан көпшілікті аман алып қалуға төбе тосқауыл болған көрінеді.
Келесі шежірелі әңгіме өрбиді.
Жергілікті жұрт саят құрып, тазы жүгіртіп, құс салып күн кешкен. Аранды қыр – биік төбе. Оның басы аң аулауға қолайлы орын. Аңшылар жануарлар құрықталатын жерді қазып, ағаштың ұшын үшкірлеп, аң ұстауды әдет қылған. Сол үшкір ағаш «аран» деп аталған. Төбе басына бірнеше арандар қойылатын болған. Оны көргендер араны көп жер, аранды жер деген деседі. Осылайша бұл маң Аранды деген атауға ие болған деген болжам бар.
Тарих – өткенге өріс, болашаққа – кеңіс. Туған жердің қазыналы сырын ұрпақтар жадына жеткізу алдыңғы буынның абыройлы міндеті дер едім.
Қажығали СЫРҒАЛИ
25 мамыр 2019 ж. 483 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930