Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаз мәртебесі – маңызды мәселе

Ұстаз мәртебесі – маңызды мәселе

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Біз бұл құжаттан не түйдік?
Жолдауда ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік тіл мәселесіне баса назар аударылды. Сонымен бірге қоғамда орын алған проблемаларға ерекше тоқталып, одан шығар жолдың тетіктері сөз етілді. Халық пен билік арасындағы сенімділіктің орнауы – Президенттің басты қағидасы екені көптің көңіліне қона түсті. Бүгінге дейін өзекті болып келген мәселе – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейту бағытында жұмыла жұмыс істеуге шақырды. Әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына кедергі көп екені айтылып, шағын бизнесті 3 жылға дейін салықтан босату және тексерудің кейбір түріне тыйым салу – шағын бизнесті қолға алғандар үшін қуанышты хабар болды.
Жолдауда ерекше мамандық иелері – мұғалімдердің еңбекақысы алдағы төрт жыл ішінде екі есе өсетіні айтылды. «Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз» – деді. Мемлекет басшысының мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударып, ұрпақ тәрбиелеудегі маңызы зор екенін еске салғаны біз үшін үлкен мәртебе. Осы тұжырым ұстаздардың беделін көтеріп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге көп септігін тигізетіні анық.
Сенім – халық пен билік арасын нығайта түседі. Олай болса Президенттің: «Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын» дегені сөз бен істің бірлігін көрсетеді. Жолдау­­да белгіленген бастамалардың орындалуына барлығымыз жұмыла атсалыссақ, әлемнің озық елдерімен терезесі тең, қуатты елге айналарымыз анық.
Төребай ШЕРМАХАНОВ,
Ы.Алтынсарин атындағы
№204 мектеп директоры
17 қыркүйек 2019 ж. 1 271 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930