Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өркендеу ауылдық округінің әкімі сайланды

Өркендеу ауылдық округінің әкімі сайланды

Ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша «Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидат Үргенішбай Нәби Мәлиұлы Өркендеу ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев ауылдық округтің әкімін Жанкент ауылының тұрғындарына таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Үргенішбай Нәби Мәлиұлы 1959 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары, Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын “Инженер – гидротехник” мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы №86 жылжымалы механикалық колоннаның жұмысшысы болып бастаған.
1984-1997 жылдары Бірлік ауылындағы мал өсіру, бордақылау және дайындау мамандандырылған шаруашылығында құрылыс шебері, гидротехнигі.
1997-2005 жылдары “Бірлік”, “Солжаға” акционерлік қоғамдарында бас су маманы, “Алшын” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде агроном-гидротехнигі.
2005-2009 жылдары Бірлік ауылдық округінің әкімі.
2009-2012 жылдары Тасарық ауылдық округінің әкімі.
2012 жылдан бастап осы кезге дейін Өркендеу ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
28 шілде 2021 ж. 826 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 186

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031