Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұртшылықпен жүздесу жалғасуда

Жұртшылықпен жүздесу жалғасуда

Бейсенбі күні Бірлік ауылдық округінде аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағановтың қатысуымен Бірлік ауылдық округінің әкімі Б.Темировтің ауыл тұрғындарына арналған есепті кездесуі болып өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Мұратбайұлы ашып, жүргізіп отырды.

Есепті кезеңде ауылдық округ әкімі Б.Темиров Елбасы Н.Назарбаевтың ел дамуындағы бес индустриялды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру және 2018 жылдың 10 қаңтары күні «Төртінші өнеркәсіптік революция дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды орындау мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келе жатқандығын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, 2018 жылы Бірлік ауылдық округінде атқарылған жұмыстардың барысы мен келер 2019 жылға атқарылатын ілкімді істерді жайын баяндады.
Жиын барысында ауыл тұрғындары өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов қорытындылады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
21 желтоқсан 2018 ж. 1 031 0

Ұлттық тәрбие құндылығы

07 қыркүйек 2024 ж. 70

Зейін неге тұрақсыз?

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Бірлік пен берекенің ұясы

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30