Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғ. Мұратбаев ауылдық округінің әкімі сайланды

Ғ. Мұратбаев ауылдық округінің әкімі сайланды

Ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша «Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидат Рыстығұл Абай Қоңырбайұлы Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков ауылдық округтің әкімін елді мекен тұрғындарына таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Рыстығұл Абай Қоңырбайұлы 1965 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары, Алматы зоотехникалық институтын мал дәрігері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Қазалы асыл тұқымды қаракөл кеңшарының №4 фермасының веттехнигі болып бастаған.
1990-1993 жылдары Абай атындағы ұжымшардың, Қазалы асыл тұқымды қаракөл кеңшарының бас мал дәрігері.
1993-1996 жылдары Ғани Мұратбаев атындағы ұжымшардың басқарма төрағасы.
1996-2005 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр бөлімінің бас маман, бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, аппарат басшысы.
2005-2008 жылдары Әйтеке би кентінің әкімі, Қызылорда облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас инспекторы, меңгерушісі,
2008-2010 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары.
2010-2017 жылдары Қазалы ауданының ветеринария, ауыл шаруашылық бөлімдерінің басшысы.
2017 жылдың тамыз айынан осы уақытқа дейін Ғани Мұратбаев ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарып келді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
28 шілде 2021 ж. 810 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930