Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі сайланды

Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі сайланды

Ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша Қожантаев Шоқан Жанахметұлы Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ауылдық округтің әкімін елді мекен тұрғындарына таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Қожантаев Шоқан Жанахметұлы 1984 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары, «Болашақ» университетін «Шет тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында телеоператор болып бастап, 2015 жылға дейін телеарнада түрлі қызметтер атқарған.
2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қарашеңгел ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарып келді.
Қарашеңгел ауылдық округіне жаңа сайланған әкімінің жұмысына аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қасқырбай Әлімбай сәттілік тіледі.
Ал, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайын Дәуіт Шоқан Қожантайұлына ақ батасын берді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
28 шілде 2021 ж. 734 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031