Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл жастарымен кездесті

Ауыл жастарымен кездесті

Аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағановтың бекітіуімен кесте дайындалып, ауыл жастырмен кездесу мақсатында 2019 жылдың 5 желтоқсанынан бастап Ғ.Мұратбаев, Қарашеңгел, Басықара ауылдық округінің жастарымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жастардан сауалнама жұмыстары жүргізіліп, жастардың бірқатар ұсыныс пікірлері тыңдалды:
1. Мұратбаев ауылдық округі бойынша жастардың белсенділігі жоғары.
Мырзағұлов Жаңабектің ұсынысы ауыл тұрғындары үшін салынған жасанды алаңды, жастар тұрақты түрде пайдалана алмайтындығын білдірсе, Шарап Айкерім ауыл жастары спорттан жақсы жетістікке жеткен алайда, республикалық жарыстарға шығуға ата-аналардың қаржысы жетпейді, осыған сәйкес аудан көлемінде жастарға демеушілік жасалса және жастардың қыс мезгілінде жаттығатын жаттығу орындары жоқтығын айтты.
2. Қарашеңгел ауылдық округі бойынша жастар белсенділігі орташа. Игенбаева Асылдың ұсынысы бос жұмыс орындарына ауыл жастарын алса, Асылбеков Ержан ауыл дәрігерлері айлықтарын уақытылы ала алмайтындығын айтып өз пікірін білдірді.
3. Құмжиек ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі маманы өз жұмысына салғырттық танытып, белгіленген уақытта жастардың болмауына байланысты ауылдық округ жастарымен кездесу мүмкін болмады.
4. Басықара ауылдық окургі жастарының белсенділігі орташа, жастармен кездесу барысында ұсыныс пікірлер айтылмады.
Жоғарыда айтылған жастардың ұсынысына байланысты зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
08 желтоқсан 2019 ж. 1 073 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 307

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031