Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі сайлау учаскелерінің жұмысымен танысты

Аудан әкімі сайлау учаскелерінің жұмысымен танысты

Қазалы ауданында 25 шілде күні Өркендеу, Ғ.Мұратбаев және Қарашеңгел ауылдық округтерінің әкімдері сайланады. Осыған орай аталған округтерде сайлауға қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Өркендеу және Ғ.Мұратбаев ауылдық округтеріндегі №89, №64 сайлау учаскелерінде болып, алдағы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты дайындық жұмыстарымен танысты.

Аудан басшысына Өркендеу ауылдық округі бойынша сайлауалды шаралар жөнінде №89 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Аманбай Орақбай түсіндіріп, маңызды науқанға жан-жақты әзір екендіктерін баяндады.

Аталмыш учаске тізімінде 787 сайлаушы тіркелген. Оның 102-і зейнеткер болса, 35 сайлаушы үйден дауыс бермек.


Ал Ғ.Мұратбаев ауылдық округіне жасаған жұмыс сапары барысында аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа №64 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Дархан Алдабергенов сайлауға дайындық барысын баяндап берді.

Қос ауылдағы учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері санитарлық талаптарға сай толықтай қорғаныш құралдарымен, қызу өлшегіш құрылғылармен және антисептиктермен қамтамасыз етілген.

Өркендеу және Ғ.Мұратбаев ауылдық округтеріндегі учаскелік сайлау комиссияларының жұмысына қаныққан аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы алдағы сайлауда сәттілік тіледі.
Қазалы ауданының баспасөз қызметі 

24 шілде 2021 ж. 731 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 82

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 83

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 68

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930