Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүмкіндігі шектеулі шеттетілмейді

Мүмкіндігі шектеулі шеттетілмейді

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру – оңалтудың әрі қоғаммен байланыстырудың ең тиімді тәсілі. Соңғы кездері әртүрлі қызмет салаларын автоматтандыру тұрғысынан мүгедектерге арналған жұмыс түрлерінің тізімі едәуір көбеюде. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы 32- бабының 1-тармағында бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн аптасына отыз алты сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленетінi, ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берiлетіні көрсетілген. Дегенмен елде мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс табуы өте қиын. Олар күнделікті тұрмыста да қоғамның қабылдауы жағынан көп кедергіге жолығатындарын айтып жүр. Еңбекке қабілетті мүгедектердің жұмыспен қамтылуында қандай кедергілер бар? Мемлекеттік мәселенің аудандағы ахуалы қандай?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек және жұмыспен қамту мәселелері бойынша жиын өткізіп: «Бүгінде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 410 мың адам еңбек етуге қабілетті. Олардың тең жартысы қалыпты еңбек жағдайында жұмыс істей алмайды. Яғни, 120 мың адам жұмысты қажет етіп отыр» , – деген еді.
2021 жылы Қызылорда облысы мемлекет бойынша мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыру жөнінен екінші орынға көтерілді. Өңірде мүгедектік санатымен 31 мыңға жуық адам тіркелген. Оның 5 мыңнан астамы – 18 жасқа толмаған бала. Мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбекке жарамдысы – 19 421, зейнеткерлер – 6 088, жұмыс істейтіндер – 5 432.
Биыл мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың техникалық құралы және қызметімен қамтамасыз етуге бюджеттен 1,2 млрд теңге бағытталған. 12 шілдедегі мәлімет бойынша 19 147 оңалтудың жеке бағдарламасы даярланып, өткен жылдың есебінен ауыспалы 11 982 оңалтудың жеке бағдарламасы орындалды. Осылайша аталған көрсеткіш 62,6%-ға жетіп, өңір республика бойынша екінші орынға шыққан.
– Кәсіпкерлер «егер мүгедектігі бар адамды жұмысқа алсам, көптеген проблемаға кезігемін» деп ойлайды. Мысалы, ондай адамдарды көп ауырады немесе біліктілігі төмен, жұмысты сапалы түрде атқара алмайды деп есептейді. Бұл да – мүгедектер үшін психологиялық кедергі, – дейді республикалық «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының өкілі Татьяна Баклажанова.
Қазір аудандық статистика бойынша 3225 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Соның ішінде 16 жасқа толмағаны – 419, 16-18 жас аралығындағы жеткіншек саны – 46. Ал мүмкіндігі шектеулілерді жұмыспен қамтудың мән-жайын Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Мақпал Серімова: «Жартыжылдық қорытындысына сүйенсек, жыл басынан бері 58 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыс сұрап келді. 22 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде 9-ы кәсіп бастау ниетімен түрлі грант, несие алған. Қоғамдық жұмысқа 27-сі орналасты. 7 адам «Бастау бизнес» жобасымен кәсіптік білім алуда. Жалпы, еңбекке жарамды мүгедек жандардың жұмыспен қамтылуы жыл сайын артып, қолдау көрсетіліп келеді», – дейді . Мүгедектігі бар жандарды жұмыспен қамту арқылы «кедергісіз орта» құру кемел болашаққа жасалар қуатты қадам болмақ.

Дина БӨКЕБАЙ
24 шілде 2021 ж. 595 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930