Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық мәслихаттың кезекті XXV сессиясы өтті

Облыстық мәслихаттың кезекті XXV сессиясы өтті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті XXV сессиясы өтті. Басқосуға құқық қорғау органдарының, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, қала және аудан әкімдері, мәслихат депутаттары қатысты. Күн тәртібінде 9 мәселе қаралды.
Аймақ басшысы өңірде ауқымды жұмыстың жүзеге асырылуына қатысты мәселелерді қозғап, ұсыныстарын жеткізді.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Ендігі кезекте Сіздермен бірлесіп, Президентіміздің Жолдауынан туындайтын міндеттерді сапалы әрі мерзімінде жүзеге асыруымыз қажет.
Баршаңызды ел игілігі жолындағы жұмысты ауызбірлікпен, асқан жауапкершілікпен атқаруға шақырамын.
Бүгінде аймағымызда Мемлекет басшымыздың, Үкіметтің ерекше қолдауымен ауқымды инвестициялық жобалар қарқын алды. Өткен 8 айдың қорытындысымен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді.
Биыл облыс бюджеті 829 млрд. 200 млн. теңге болды, 2022 жылдан бері 228 пайызға өсті. Оның 477 млрд. 600 млн. теңгесі (58%-ы) әлеуметтік саланың үлесінде.
Даму бюджетінің көлемі 2022 жылғы 62 млрд.теңгеден 214 млрд.теңгеге дейін артты (3,5 есе). Бұл қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды.
Бүгінде өңірде қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, ірі жобалар жүзеге асырылуда. Биылға 631 млрд. 400 млн. теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланса, жаңа жобаларды іске қосу есебінен жоспар 716 млрд. теңгеге дейін артығымен орындалады. Қазіргі таңда 408 млрд. 200 млн. теңге инвестиция тартылды.
Биыл құны 302 млрд. 500 млн. теңге болатын 27 жоба іске қосылады. Облыста 166 млрд. 800 млн. теңгеге 96 жобаның құрылысы жүруде.
Соңғы үш жылда қаржыландырудың барлық көзінен 2 млн. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаламыздағы 623 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Жыл соңына дейін газдандыру деңгейін 83 пайызға жеткіземіз.
Биыл 189 600 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде 80 900 гектарға күріш егілді. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес су үнемдеу технологияларын қолдану, суды аз қажет ететін дақылдар көлемін ұлғайту үшін кешенді шаралар атқарылуда», – деді Н.Нәлібаев.
Сессияда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін бейнекамералар орнату, алдағы жылу беру маусымын іркіліссіз өткізу, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алу, Қызылорда қаласының архитектуралық-сәулеттік келбеті мен туристік әлеуетін арттыру, тұрғындарды ауыз сумен жабдықтау, кәріз желілерін жүргізу, «Сабалақ» елді мекенін газдандыру және басқа да ауқымды жұмыстарды жүзеге асыру үшін облыстық мәслихат сессиясының қарауына 2025 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау туралы ұсыныс енгізілді.
Бұл қаражат облыстық бюджеттің өз кірістерін ұлғайту, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген қаржыны қысқарту есебінен қалыптасқан.
Сондай-ақ, сессияда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов, облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Ергешов баяндама жасады.
Мәслихат депутаттары ұсыныстарға қолдау білдіріп, олардың барлығы кезек күттірмейтін маңызды мәселе екенін айтты.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
17 қыркүйек 2025 ж. 141 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930