Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасалатынын айтты

Президент мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасалатынын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау керектігін баса айтты. egemen.kz

 «Келесі маңызды мәселе – мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау. Ең алдымен, барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету керек. Қазір күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді пайдалануы өте қиын», дейді Президент Қ.Тоқаев.
Президенттің айтуынша, олар онсыз да белгілі нәрсені дәлелдеу үшін түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Цифрлық технологиялар мен автоматтандыру дәуірінде мұндайға жол беруге болмайды. Сондықтан, жұмыс тәсілін дереу өзгерту қажет.
«Бірыңғай ақпараттық қор (база) құрып, жұртқа ыңғайлы әрі жұмыс істеуге оңтайлы жүйені неге жасамасқа? Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіру керек. Бұл жұмысты жеделдету қажет», деп толықтырды Мемлекет басшысы.
25 ақпан 2021 ж. 2 771 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 60

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 60

Әсем әндер әуеледі

03 наурыз 2026 ж. 61

Өнермен өрілген ғұмыр

03 наурыз 2026 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031