Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұл жаңалықты ерекше қуанышпен қабылдадым

Бұл жаңалықты ерекше қуанышпен қабылдадым

Мемлекет басшысы мүгедек жандарға қамқорлық жасауды әлеуметтік саладағы басты міндеттердің бірі ретінде үнемі айтып келеді. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты көмектер беріліп, оларды белсенді тірлікке тарту, жұмыспен қамтуға қатысты шаралар жүзеге асырылуда.
Бүгінгі Жолдауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы осы топтағы адамдардың тіршілік ету сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екендігін дәлелдеді. 
Ел Президенті Үкіметке алдағы үш жылда мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға 58 млрд. теңге қаражат бөлуді, сал ауруына шалдыққан балаларды медициналық, әлеуметтік тұрғыдан қолдау жұмысын жандандыруды, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылармен ерекше жұмыс жүргізуді тапсырды. 
Қоғамдық бірлестіктің төрағасы ретінде мен бұл жаңалықты ерекше қуанышпен қабылдадым. Себебі, өзім мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасаймын. Біздің елімізде мүгедек жандар үшін қандай да бір кедергілер болуы тиіс емес. Бұл шындығында, мемлекет, билік тарапынан жасалып жатқан зор қамқорлықтыңкөрінісі деп білемін.

Әлімжан ҚИЯС,
"Қазақ Соқырлар Қоғамы" қоғамдық бірлестігі 
02 қыркүйек 2019 ж. 1 327 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31