Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы аудандық сотында «Қылмыстық сот ісін жүргізудегі бұйрықтық іс жүргізу тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Қазалы аудандық сотында «Қылмыстық сот ісін жүргізудегі бұйрықтық іс жүргізу тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Семинар сабағына сот төрағасы Дидар Мұратбекұлы, аудан прокуроры Бақытжан Мырзабаев, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Бауыржан Өтеулиев және тергеушілер мен анықтаушылар қатысты.
Төраға Дидар Мұратбекұлы, бұйрықтық іс жүргізу институты қылмыстық процесті оңтайландыруға, қысқа мерзімде істерді тиісті түрде қарап, сот төрелігін сапалы атқаруға мүмкіндік тудыратынын атап өтті. Сонымен қатар, қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша күдікті өз кінәсін мойындаған жағдайда, іс судьямен тараптардың қатысуынсыз бұйрықтық іс жүргізу арқылы қаралатындықтан мемлекет қаражатының, істі қарау мерзімінің үнемделуіне ықпал ететінін айтты.
Семинар барысында бұйрықтық іс жүргізудің қолдану мәселелері, оның ерекшеліктері мен іс жүргізу мерзімдері кеңінен талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар қозғалған тақырыптың өзектілігін және көрсетілген практикалық ұсынымдар мен алған білімдер сот тәжірибесінде қолданылатынын жеткізіп, мұндай іс-шаралар өткізу маңыздылығын атап өтті.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
14 наурыз 2018 ж. 2 659 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930