Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шалғайдағы ауылдарға газеттер мен журналдарды дрондар жеткізуде

Шалғайдағы ауылдарға газеттер мен журналдарды дрондар жеткізуде

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазпошта» АҚ жұмысының нәтижелеріне және 2018 жылғы жоспарларына арналған баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов, cтратегия және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Әлия Дықанбаева, трансформация және IT жөніндегі басқарушы директоры Нариман Муқышев қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
2017 жылдың жұмыс нәтижелерімен таныстырып, Қазпошта басшысы компанияның ірі жобаларын атап өтті.
«Біз сәлемдемерді 10 есе тез өңдіретін автоматтандырылған сұрыптау машинасын іске қосып, қызмет көрсетудің барлық стандарттарына сай жаңғыртудан өткен пошта бөлімшелерін аштық. Астана және Алматы қалаларындағы цифрлық кеңселерде клиенттерге роботтар мен машиналар қызмет көрсетеді, ал шалғайдағы ауылдарға газеттер мен журналдарды дрондар жеткізуде. Өзіміздің процессинг орталығымыз іске қосылды, агенттік және қаржылық қызметтердің барлығын көрсету үшін азаматтарды тексеру жүйесі енгізілді. Еліміздің ірі банктарымен жұмыс істеп, Alibaba Group сауда платформасымен бірлескен жобаларды іске асырудамыз, Шығыс пен Батыс арасындағы ірі логистикалық хабына айналмақпыз. Бұл біздің ұжымның өткен жылы жасаған жобаларының аз ғана бөлігі. Биылғы жылды біз Сапа жылы деп жарияладық. Басты мақсатымыз – клиенттерімізге жоғары сапалы қызмет көрсету», - деді ол.
Сондай-ақ, Сәкен Сәрсенов компанияның 2018-2027 жылдарға арналған жаңа стратегиясы туралы әңгімелеп берді.
«Пошта бизнесінің дәстүрлі бизнес-моделі ескіргеннен кейін, біз дамуымыздың үш негізгі басымдықтарына көңіл бөлуді шештік, олар: цифрлық трансформация; электрондық коммерцияның экожүйесін құру; ұйымдық трансформация. Сонымен қатар, барлық пошта қызметтері азаматтарымыз үшін қолжетімді болып қала береді. Негізгі қызмет түрлеріне ерекше назар аудару және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру үшін барлық профильдік емес қызметтерді (Байланыс орталығы, АТ қызметтері, магистральдық логистика) аутсорсингке береміз», - деп атап өтті пошта операторының басшысы.
Қазпочта басшысының айтуынша, «цифрлық трансформация қызметтердің сапасын арттыратын ең озық технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді, ал электрондық коммерция экожүйесін құру компанияға электрондық коммерция нарығында жеке бизнестің негізгі әріптесі болуға мүмкіндік береді.
Қызметкерлердің материалдық жағдайының жақсартылуына да ерекше көңіл бөлінетін болады. Мысалы, 2018 жылдың басынан бастап өндірістік персоналдың жалақысы 15%-ға өсті, ал шамамен 9000 қызметкерлердің салық ауыртпалығын азайту үшін Мемлекет басшысының бастамасымен сәйкес, табыс салығы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1% дейін қысқартылады.
Қазпоштаның тағы бір бастамасы – «Еуразиялық трансқұрлықтық дәліз» мультимодальды көлік дәлізін құру, логистикалық қызметтер спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді, ал ЕурАзЭҚ-тың B2C экспресс-жеткізу нарығына шығу Қазақстанның халықаралық нарықтарда қатысуын күшейтеді.
Қаржы және агенттік қызметтер сегментінде пошта операторы барлық қаржы институттарының «витринасына» айналып, банктерге өзінің бөлімшелері арқылы клиенттерге қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді. Post.kz платформасының негізінде қызметтер гипермаркетін құрып, цифрлық ID, интернет-эквайрингті іске қосу және «үлкен» деректер негізіндегі сараптама нәтижелерін қолдану компанияға цифрлық трансформацияны өткізуге мүмкіндік береді.
«Бүгінгі күні біздің басты міндетіміз – елдегі үздік сервистік компания болу. Дүниежүзілік пошта одағының нұсқасына сәйкес, 20 жетекші пошта компанияларының тізіміне кіруді мақсат етіп қойдық. Алдағы 5 жылдағы компанияның кірісі 70%-дан астам өсіп, еңбек өнімділігі 2 есеге артып, жылына 5,7 млн теңгеге жетеді деп жоспарлап отырмыз», - деп қорытындылады Сәкен Сәрсенов.
13 наурыз 2018 ж. 1 141 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930