Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

Лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

Астанада мемлекеттік қызмет тиісті үлгіде көрсетілмегені үшін 14 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен брифинг барысында Астана қаласының Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі агенттік департаментінің басшысы Тілеген Қаскин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында негізгі басымдылығы мемлекеттік электронды қызметтер ұсыну сапасын жақсарту болып табылатын цифрлық Қазақстан құру жөнінде тапсырма бар. Бүгінгі күні аз жұмыс жасалған жоқ. Мемлекеттік органдармен берілетін лицензиялардың барлық түрі электронды үлгіге ауыстырылған және ХҚКО мәселелері бойынша бірыңғай call-орталық құрылды. Жалпы, 2017 жылы Астана қаласы бойынша 8 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде, Астана қаласының жергілікті атқару органдарымен 3 млн қызмет көрсетілген. Бүгінгі күні Астана әкімдігінің жергілікті атқару билігімен электронды қызметтің 71%-ы көрсетіледі. Бұл көрсеткіш орталық мемлекеттік органдардың аймақтық бөлімшелері 39%-ын қамтиды», - деді Т.Қаскин.
Оның айтуынша, Астана қаласының Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі агенттік департамент 34 тексеру жүргізген.
«Нәтижесінде, мемлекеттік қызмет саласындағы 6387 заң бұзушылық анықталды. Бұл қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы, шамадан тыс құжаттар талап ету, қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту, қызмет көрсету рәсімдерін бұзу секілді әрекеттер. Сол сияқты, 14 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мысалы, Астана қаласының Фармация комитетінде тексеру жүргізілді. Аталған комитет мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетуі тиіс болатын. Алайда, олардың базалары жұмыс істемеуіне байланысты аталған комитет мүлдем мемлекеттік қызмет көрсетпеген», - департамент басшысы.

07 наурыз 2018 ж. 1 259 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 29

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930