Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі құрылыс мекемелерінің басшыларымен кездесті

Аудан әкімі құрылыс мекемелерінің басшыларымен кездесті

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалыдағы бірқатар құрылыс мекемелерінің басшыларымен кездесті.

Аудан басшысымен кездесуге «Қазалы Тұлпары» ЖШС директоры Ашықбай Тоғымов, «Жылу ХХІ» ЖШС директоры Көпжан Бижанов, «Қазалы Строй Сервис» ЖШС директоры Әділбек Сарабеков, «Намыс құрылыс» ЖШС директоры Әбдімәлік Өтеулі, «Болашақ» ЖШС директоры Панабек Әлиев, «Нұрас и К» ЖШС директорының орынбасары Нүркен Ботабаев, «Данияр 97» ЖШС директоры Ғабиден Үркімбаев, «Қазалы жолшы» ЖШС директоры Нұрлан Дүйсенбаев қатысты.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен кездесу аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың құрылыс мекемелерінің басшыларымен танысудан бастады.

Мұнан соң ауданда атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары сөз болып, аудан басшысы ең бірінші кезекте сапаға мән берілу қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, биыл бірнеше нысанның құрылысы басталатынын тілге тиек етті. Олардың қатарында Қ.Пірімов ауылындағы спорт кешенінің құрылысы бар.

Өз кезегінде мекеме басшылары қазіргі таңда құрылыс заттарының бағалары шарықтап кеткенін жеткізіп, жұмыс жасауға біршама қиындықтар туғызып отырғанын жеткізді.

Басқосуды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қорытындылап, бұл мәселелердің шешу жолдары қарастырылатынын айтты. Ол үшін тиісті басқармаларға арнайы хат жолданатын болады.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
29 маусым 2021 ж. 700 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 295

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031