Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Шалғайдағы Сарбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Шалғайдағы Сарбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті

Аудан орталығынан шалғай жатқан елді мекендердің бірі – Сарбұлақ ауылы. Әйтеке би кентінен 110 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысады.


Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Сарбұлақ ауылына арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Алыс ауылға сапар кезінде облыстық мәслихат депутаттары Ібайдулла Тілеп пен Мнажадин Өтеев, бірқатар бөлім басшылары аудан әкімімен бірге жүрді.

Аудан басшысын Сражадин Шамұратов бастаған ауыл ақсақалдары күтіп алды. Кездесуде ауылдың құрылу тарихы, оны басқарған азаматтар мен қол жеткізген жетістіктері сөз болды. Мұнан соң тұрғындар жаңа тағайындалған аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың жұмысына сәттілік тілеп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты. Тұрғындар ауыз су мәселесі өзекті болып тұрғанын тілге тиек етіп, осы мәселені шешу жағын қарастыруды сұрады. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындардың талап-тілектерін тыңдаған соң, оны шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Кездесуден соң аудан басшысы ауылдағы әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты. №78 мектеп ғимараты жаңа болғанымен, ауылдық клуб пен кітапхана қоныс тепкен нысанның тозығы жеткен. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ауылға жаңа клуб ғимаратын салудың жолдарын қарастыру қажеттігін айтты.

Сапар соңында ауылға кіре беріс жолда Қуаңдария өзенінде жөндеу жұмыстары жүргізілген шлюзге барып, қазіргі жағдайын көрді.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

11 маусым 2021 ж. 726 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930