Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Қарақұм беткейіндегі елді мекендерді аралады

Аудан әкімі Қарақұм беткейіндегі елді мекендерді аралады

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев елді мекендерді аралап, елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысуды жалғастыруда. Бұған дейін Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентін, 17 ауылдық округтегі әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты.

Сәрсенбінің сәтті күні аудан басшысы Қарақұм беткейінде орналасқан елді мекендерге сапар шегіп, тұрғындармен кездесті.
Мұхтар Әуесұлы ең алдымен аудан орталығынан 100 шақырым қашықтықта жатқан Шәкен ауылына ат басын бұрды. Елді мекендегі еңселі ғимараттардың бірі – мектептің акт залында ауыл халқымен кездесті. Басқосуда ауылдың ақсақалдары мен жастары аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауабын алды.
Қарақұм беткейінде орналасқан ауыл халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысады.

Сондықтан болар бірінші кезекте жайылымдық және ауыл шаруашылығы мақсатында берілетін жерлер туралы сұрақ қойды. Мұнан соң ауылға қатынайтын қоғамдық көліктің біршама уақыттан бері тоқтап тұрғанын да жеткізді.
Сонымен қатар, ветеринариялық дәрігер, ауылдық округ әкімі аппаратындағы мамандар жөнінде ойларын білдірді. Кездесуде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев халықтың айтқан әрбір ұсыныс-пікірлері ескерусіз қалмайтынын жеткізді. Кейбір күрделі мәселелер зерттеп, зерделеуді қажет екенін айтты.


Шәкен ауылына сапар кезінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев №134 мектептің жұмысымен танысып, сынып бөлмелері мен спорт залдарды аралады. Мектеп басшылығына білім ордасына ұқыптылықпен қарап, шәкірттерге сапалы білім беру қажеттілігін айтты.
Сонымен қатар, мектеп жанындағы ғимарат құрылысымен танысты. Жөндеу жүргізіліп жатқан бұл нысан көне мектеп ғимараты. Ауылдық округ әкімі Тимур Кималовтың айтуынша жөндеу жұмыстары аяқталған соң ғимаратқа ауылдық округ әкімі аппараты, пошта, ардагерлер кеңесі сияқты мекемелер орналасады. Ауылдағы кәсіпкерлерге де арнайы бөлме беру жағы да қарастырылуда.


Мұнан кейін аудан басшысы Шәкен ауылдық округіне қарасты Шилі елді мекеніне жол тартты. Ауылдағы 9 жылдық мектеп ғимаратымен танысты. Білім ордасының алдында ауыл ақсақалдарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Аудан басшысы бұл күні Қарақұм беткейінде Құмжиек ауылдық округіне қарасты елді мекендерді де аралады. Тапа, Аққұдық, Қожақазған, Майлыбай жалы елді мекендерінде болған Мұхтар Оразбаев тұрғындармен кездесті.
Кездесуде мал шаруашылығымен айналысып отырған шаруалар Есет Серімов секілді азаматтар өздерінің айналысып отырған кәсіптері жөнінде әңгімелеп, аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың жұмысына сәттілік тіледі.



"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
10 маусым 2021 ж. 1 033 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031