Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жас жұбайлар мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасады (ФОТО)

Қызылордада жас жұбайлар мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасады (ФОТО)

Кеше Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінде ақ некелерін қидырған Төлеби Есенжолұлы мен Нұрбану Абызқызы қаржыларын кортежге емес, қайырымдылыққа жұмсап, игі істің өнегесін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қайырымдылық шарасы туралы қалалық мешіттің наиб имамы Қайырбек Отызбаев Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Биылғы жылды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет «Ислам жəне отбасы жылы» деп жариялаған болатын.
Ондағы мақсаты - жас отбасыларға жанұяның құндылығын түсіндіріп, отбасы ынтымағын арттыру болатын. Міне, осыған амал жасап жатқан қос жұп Алла үйінде некелерін қиып қана қоймай, Сіздерге айтарлықтай қайырымдылық көмегін көрсетуде», - деді алдымен сөз алған мешіттің бас имамы Нұржан Пірəліұлы.
Жас жұбайлар шын жүректен «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы аясында жеті бірдей отбасыға азық-түлік пакеттерін өз қолдарымен үлестірді.
«Мешіт ақсақалы мен мұқтаж жандар жас жұбайларға ақ баталарын айтып, шексіз ризашылықтарын білдірді», - делінген жазбада.
11 наурыз 2018 ж. 2 126 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031