Сырдарияда Чернобыль апатын жоюға атсалысқан ардагерлерге құрмет көрсетілді
Биыл Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апаттың орын алғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай, Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев апатты жоюға атсалысқан сырдариялық ардагерлерді қабылдады.
Қабылдауда аудан басшысы радияциялық апаттың зардабын жоюға көптеген қазақстандық атсалысқанын, оның ішінде Сырдария ауданының азаматтары әскери борышын абыроймен өтегенін атап өтті.
«1986 жылы орын алған дүниежүзіндегі ең ірі радияциялық апаттың зардабын жоюға Кеңес Одағы бойынша 800 мыңдай адам қатысса, соның 32 мыңы қазақстандық азамат болды. Украин халқының басына күн туғанда ел азаматтары көмек көрсетті. Айта кету керек, жарылыс салдарынан мыңдаған адам опат болды. Радиактивтің зияндылығы оннан астам мемлекеттің 200 мың шаршы метрін шарпыды. 5 миллионнан астам адам зардап шекті. Радиация қалдықтарын жою барысында сан мыңдаған адамның денсаулығы сыр берді. Жылдан-жылға Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандардың саны азайып келеді. Сырдариялық 43 азамат 1986-1989 жылдары апат болған аумақта әскери борышын өтесе, бүгінде ауданда осынау апатты жоюға қатысқан 13 азамат бар. Біз апатты жоюға атсалысқан азаматтарды мақтан тұтамыз және оларға жас ұрпақ әркез құрмет көрсетуі тиіс», – деді аудан әкімі.
Кездесуде аудан әкімі Чернобыль апатының зардабын жоюға атсалысқан азаматтарға сый-құрмет көрсетті.
Өз кезегінде Чернобыль апатын жоюға қатысушы Мұрат Тұрсынбайұлы ардагерлер атынан ризашылығын жеткізді.
Қазіргі таңда аудан көлемінде апат орнында болған ардагерлерді қолдау, әлеуметтік-сауықтыру шаралары тұрақты жүргізіліп келеді. Сонымен қатар Ауған соғысына, Чернобыль апатын жоюға және Семей ядролық полигонына қатысушы азаматтардың құрметіне ескерткіш белгі қоюға жұмыстар жасалуда.
Айта кетейік, аудан көлемінде Чернобыль апатын жоюға атсалысқан азаматтарға арнайы іс-шаралар жоспары әзірленді. Соған сәйкес, елді мекендердегі мәдениет ошақтары мен білім мекемелерінде апат салдарын жоюға атсалысқан ардагерлердің ерлігін насихаттау іс-шаралары онлайн форматта ұйымдастырылуда.