Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Украинада Чернобыль аймағына саяхаттауға рұқсат берілді

Украинада Чернобыль аймағына саяхаттауға рұқсат берілді

  Украина президенті Владимир Зелинский туристерге Чернобыль аймағына баруға мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды. Ол бұл туралы Чернобыль АЭС-нің жарылғыш реакторына салынған жаңа саркофагты пайдалануға тапсыру рәсімінде айтты. Қорғаныс құрылымы 20 жылдан астам уақыт бойы салынған.
  Зеленскийдің айтуынша, оның жарлығы "сыбайлас жемқорлық пен бей-берекет тыйым салуды" жояды. Чернобыль енді "жаңа Украинаның еркіндігі – инвестициялар мен болашағының" символы болмақ. Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында 1986 жылы сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Чернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 шақырым жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды. Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр. Біз бұл туралы "Қазақстанда АЭС салу дұрыс па, бұрыс па?" атты мақаламызда толығырақ айтып өткен болатынбыз.
  1986 жылы төртінші энергоблоктан таралып жатқан радияцияны тоқтату үшін бетоннан саргофак жасалған болатын. Ал қазіргі, жаңа саркофаг құрылысын Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландырған. Құырылыс шығыны 1,5 млрд доллар. Оны француздық Novarka консорциумы салған. Украинадағы ЕО делегациясының хабарламасында "Украина бұдан былай құрылымды сақтауға, сондай-ақ бастапқы саркофагты қайта демонтаждауға жауапты" деп мәлімдеді.
   2019 жылдың мамыр айында американдық HBO телеарнасы мен нақты оқиғаларға негізделген Чернобыль сериясының премьерасы өтті. IMDb қолданушыларының айтуынша, тарихтағы ең үздік 250 телебағдарламаның тізімінде аталған сериал бірінші орынды иеленген. Фильм премьерасынан кейін, апатқа ұшыраған жерді көруге туристердің қызығушылығы күрт артқан.

Толығырақ: https://massaget.kz
11 шілде 2019 ж. 51 0

Руханият

Ашу – дұшпан

Ашу – дұшпан

10 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031