Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұндай қасірет енді қайталанбасын

Мұндай қасірет енді қайталанбасын

1986 жылдың 26 сәуірінде әлем тарихындағы ең үлкен ядролық жарылыс болып, мыңдаған адамның өмірін жалмады. Қайғылы оқиғаның орын алғанына биыл 32 жыл толса да, халық жадынан бір сәтке шығармайды. Осыған орай жақында кенттегі «Жеңіс» саябағында Чернобыль апатына қатысқан азаматтарға арналып ескерткіш-тақта қойылды.
Украина астанасы Киев маңында болған Черно­быль атом электростан­сасындағы ядролық апат­тың күштілігі сондай, Хиросима мен Нагасаки қасіретінен де асып түсті. Украина, Ресей, Белорусияның біраз ау­мағы радио­активтік лас­тануға ұшырап, сан мың­даған адам қауіпсіз жерге көші­рілді. Жарылыс зардабын жоюға облыстан сегіз жүздей азамат барып, апат болған аймақты залалсыздандыруға атсалысты. Ал Қазалы ауданы бойынша 27 адам жіберіліп, оның алтауы қаза болды. Тірі оралғандардың денсаулығына мүгедек деген мөр басылды. Тағзым алаңында бас қосқан көпшілік бір минуттық үнсіздікпен қасіретті жылдарда қаза болған боздақтарды еске алып, рухына Құран бағыштады.
«Кенттің келбетті жерінен қаза болған қаһармандарға ескерткіш орнату көптен бері көкейде жүрген еді «Өскелең ұрпақты патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуде қауіптің бетін қайтару үшін өз өмірін құрбан еткен азаматтардың көзсіз ерліктері қайталанбас өнеге. Олардың есімдері ел есінен шықпаса екен»,– деді Чернобыль апатаның зардаптарын жоюға қатысушы, облыстық Чернобыль ардагерлер кеңесінің Қазалы ауданындағы өкілі Жарылқасын Құрманов. Мақсаттарының іске асуына қамқорлық танытқан құзырлы органдарға ризашылығын білдірді.
Шара соңында аудандық ішкі сая­сат бөлімінің басшысы Ғ.Темірбаев радио­активті қалдықтардың қауіп­тілігіне қара­мастан апат зардаптарын жоюда ерлік пен жанкештілік танытқан Қ.Қаппаров, М.Сансызбаев, А.Қартабаев, А.Адаев және С.Бөкенбаев­ты аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
06 мамыр 2018 ж. 1 226 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930