Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн бетін күл жапқан күн

Күн бетін күл жапқан күн

Адамзат тарихында өшпестей із қалдырған оқиғалар жетерлік. Ал XX ғасыр өзінің өркениетке қосқан өлшеусіз өнертабысымен қатар зұлмат жылдары, қантөгістері мен атом бомбаларының сыналуы арқылы есте қалды. Миллиондаған адамды опат қылған ядролық қарулардың зардабын әлі күнге көптеген жандар тартып келеді. Бұл аталмыш зұлымдықтан қазақ даласы да тыс қалған жоқ. Алаш жұртының «рухани Астанасы» саналатын Семей даласының сай-саласы радиация әсерінен әлі күнге дейін арыла алмай келеді.
Дәл сондай ірі көлемдегі оқиға 1986 жылдың сәуір айында болды. Бұл жылы Украинаның Чернобыль қаласында АЭС-тің 4 энергоблогында төтенше жағдай орын алды. Нәтижесінде аталмыш елдің көптеген бөлігі мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы да радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. Сол жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылды. Оған бірнеше мың Қазақстан азаматтары да қатысты. Бел ортасында Жарылқасын Құрманов, Қани Мадиров, Марат Амантаев, Амантай Түктібаев, Қанжар Жиенқұлов, Берік Жаңабай секілді қазалылық жерлестеріміз де болды.
– 1987 жылы Украинаның Харьков облысына әскер қатарына аттанған болатынмын. Сол тұста біздің батальонды іссапарға апарамыз деп жедел тұрде Чернобыль қаласынан 40 шақырым жердегі Неданчичи селосына әкелді. Басты мақсатымыз – теміржол тарту. Сол арқылы 3 айға жуық Чернобыль апатын жоюға қатыстық. Жалпы Қазалы ауданынан Чернобыль апатына 40-қа жуық азамат қатысты. Көбісі радиацияның әсерінен науқастанып, үш-төртеуі денсаулығына байланысты қайтыс болды. Біршамасы бөтен қалаға көшті. Қазір ауданда залалсыздандыру жұмысына қатысқан 21 азамат бар, – дейді апат ошағында болған Жарылқасын Құрманов.
Жыл сайын Қазалы ауданында Чернобыль апаты құрбандарын еске алуға арналған шаралар өткізіліп келеді. Биыл да сол үрдіс бұзылмай, Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімі, “Сауал Қазалы” қоғамдық бірлестігі, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Чернобыль апатына қатысқан қазалылықтарға құрмет көрсетті.
Оларға аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов пен ішкі саясат бөлімінің басшысы Әліби Әбиевтің Алғыс хаты мен арнайы сый-сияпаттар табыстады.
Е.ЖҰМАБЕКҰЛЫ
28 сәуір 2020 ж. 914 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 110

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 125

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930