Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіл мәртебесін аласартпайық

Тіл мәртебесін аласартпайық

Кез келген қоғамның дамуындағы күрделі құбылыстардың бірі – тіл мәселесі. Қай уақытта болмасын тіл құрылысының қоғамдық және мемлекеттік маңызы жоғары болған. Соған сәйкес, тіл – халықтың тұтастығының негізі. Тарихқа көз жүгіртсек, Кеңестік жылдардағы саясат бойынша коммунизмге жету үшін барлық халықтың бір тілді болуы басты шартқа айналып, соның нәтижесінде орыс тіліне ерекше мүмкіндік беріліп, оны игерудің маңыздылығы жоғары тұрды. Нәтижесінде сол дәуірдегі қазақ қоғамында халықтың дүниетанымы өзгерістерге ұшырап, қазақтың өз тіліне, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына немқұрайлы қарау құбылысы байқалды.
Ұлт дамуындағы аталған ауытқушылықтар бүгінгі таңда тіл саясаты бойынша ауқымды міндеттердің жүзеге асырылуын қажет етеді.
Осы орайда 1997 жылы 11 шілдеде ҚР тіл туралы Заңы қабылданды. Заң Қазақстан Республикасында оның қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді. Соның ішінде ҚР тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық айқын көрсетілген. Ол дегеніміз – лауазымды адамның мемлекеттік тілді білмеу желеуімен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің қолданылу салаларында олардың пайдаланылуына кез келген кедергі келтіру, сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бойынша талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.
Мемлекеттік органдардың мөрлері мен мөртаңбаларының мәтінінде атаулары мемлекеттік тілде жазылады. Меншік нысанына қарамастан, ұйымдар мөрлерінің, мөртабандарының мәтіні мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылады. Бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде. Ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жазылады. Көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен: мемлекеттік тілде сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін. Бұл жағдайда әріп өлшемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс.
Алаш ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы: «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген. Тіл – халықтың тілі, жан дүниесі болғандықтан, құқықтық негізде сауаттандыру үшін «ҚР тіл туралы Заңының» бірнеше баптарын ұсынып отырмын. Тіл – халықтың бірінші қазынасы, рухы, намысы. Сондықтан өз рухымызды өлтірмей, қазынамыздан айрылмай, намысымызды жоғалтпай, ана тілімізді қадірлеуіміз қажет.

Мира АСАНОВА,
Қазалы аудандық сотының
бас маман-сот отырысының
хатшысы

20 сәуір 2021 ж. 1 759 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930