Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздіктің қайнар бастауы

Тәуелсіздіктің қайнар бастауы

Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.

Осы жылы елімізде айтулы мерекелер көп. Соның бірі және бірегейі Ата заң – Конституцияға биыл 25 жыл толып отыр. Қазақ елінде заң үстемдігін орнатамыз десек, ең алдымен Конституцияны және осыған негізделген барлық заңдармен өзге де құқықтық актілерді бұлжытпай орындап, сақтай білуіміз керек.
Сөздің қадіріне жеткен бабаларымыз ежелден-ақ «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз-Тәукенің жеті жарғысы» сынды заңдарын тайға таңба басқандай жазып, қолданып отырған.
Тарихқа көз жүгіртсек, Конституция алғаш рет Англияда 1679 және 1688 жылдары «құқықтар жөніндегі билль» деген атпен қабылданған екен. Ал жазбаша конституция 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін, 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келіпті. Қазақстанда Конститутция 1924, одан кейін 1937, 1978 жылдары жазбаша түрде қабылданды дегенімізбен дала демократиясына сүйенген қазақ елі ежелден салт дәстүр, белігілі заң қағидаларын басшылыққа алған билер институтымен қоғамдық мәселелерін реттеп отырды.
Қолданыстағы Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Оған дейін, яғни Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда өзінің алғашқы Ата заңын қабылдаған болатын. Алайда 1993 жылғы Конституция кеңестік қағидаларға негізделгендіктен, жаңа қоғам өмірінің талабына жауап бере алмады. Сондықтан 1995 жылы жаңа Конституция қабылданып, оның ерекшеліктері ретінде заң шығарушы, атқарушы, сот билігін белгілеп, олардың құзыретін, өзара іс-қимыл бірлігін заң тұрғысынан айқындап берді
Конституцияның 7-бөлігі соттар және сот төрелігіне қатысты, онда Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады және Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды делінген.
Біздің Конституция мемлекеттік биліктің біртұтастығын бекіте отырып, жұмылған жұдырықтай жүйеге айналдырды. Мемлекеттік билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін күшейтті. Биыл ел болып жиырма бес жылдығын атап өтіп отырған қолданыстағы Ата заң өз өміршеңдігін көрсетті. Ең бастысы – Ата заң Қазақстан мемлекетінің нығаюына, еліміздің дамуына, халықтың өсіп-өркендеуіне негіз қалап берді.
Ата Заңның 3-ші бабында мемлекеттік биліктің бірден-бір ­бастауы – халық делінген. Мен Ата заңымыз ел игілігіне жұмыс жасайтынына сенемін. Себебі, елдің жеткен биігі – біздің жетістігіміз. Баршаңызға Конституцияның 25 жылдығы құтты болсын. Әрбір азаматтың мүддесі биік, құқықтары қорғалып, Тәуелсіз еліміз өркендей берсін.
Дидар МҰРАТБЕКҰЛЫ,
Қазалы аудандық сотының
төрағасы
29 тамыз 2020 ж. 1 202 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031