Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүт фермасының сұлулары

Сүт фермасының сұлулары

«РЗА» акционерлік қоғамының тауарлы сүт фермасында ерлермен қатар қыз-келіншектер де иық тіресе еңбек етеді. Солардың бірі – Рзагүл Төлеуова. Осында сауыншы болып істегеніне көп уақыт болмаса да ісіне мығым. Ол жұмысқа Құмжиек ауылынан арнайы бөлінген автобуспен қатынайды. Мұнда үш мезгіл тамақ беріліп, жылына екі мәрте тегін арнайы жұмыс киімі таратылады. Бүгінде жұбайы Орысбай екеуі 3 ұл мен 3 қыз тәрбиелеп отырған ардақты ана.
«Ерінбеген адамға қандай да бір іс болмасын ерекше ықыласпен атқарса түк ауырлығы жоқ. Әрине, әркім айран ішіп, ет жегісі келеді. Дегенмен, мал ұстап оны күтіп-баптау оңай шаруа емес. Сауыншылықпен айналысқаныма үшінші жылға аяқ басып барады. Екі күн жұмыста болып, екі күн демаламын. Ауысымда үш адамбыз. Бірі аппараттарды қосып, дайындаса, екіншісі сиырларды айдап әкеледі.
Әр сиырдан күніге майлылығы 3,6 пайыздық 60 литр сүт өндіріледі. Сиырлар 07:00-де, 15:00 мен түнгі 23:00-де сауылады. Бізде санитарлық-тазалық қатаң сақталады. Желінін сауынға түсерде йодталған ерітіндімен және арнайы сулықпен (салфетка) сүртіп аламын», – дейді Рзагүл Төлебайқызы.
Бұл атағы алысқа жеткен жаңа жобадағы шаруашылық нысанында Рзагүлден басқа да Әлия Төлегенова мен зоотехник Гүлстан Елеусізова және Гүлнар Қошмақан есімді қыз-келіншектер төлдеу блогы мен төлді күтіп-баптау бөлімінде аянбай тер төгеді.
Солардың әрбірінің атқаратын міндеттері бар. Мысалға, Әлия туылған төлдің кіндігіне йодталған ерітінді жағып, жынысы, бойы мен салмағын өлшеп алыс-беріс актісіне тіркейді. Іш ауруларынан сақтық шарасы үшін Полилактовит дәрісінен 50 гр ішкізеді. Сондай-ақ, бұл жерде бұзаудың барлық деректері жазылған паспорт беріліп, нөмірленген сырға салынады. Төлдеген сиырлардың уызын алып, оның құрамын мұқият тексереді. Жарамды деп белгіленген уызды 40 градуста жылытып, әр төрт сағат сайын 1,5-2 литрін береді. Бұзаулар төлдеу блогында 4-5 күн ұсталғаннан кейін күтіп-баптау бөліміне тапсырылады.
Гүлстан Елеусізова Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің аграрлы-техникалық факультетінде білімін шыңдап, зоотехник мамандығы бойынша үздік бітіріп шыққан. Қазір төлді күтіп-баптау бөлімінде 3 айға дейінгі сүт ішетін 140 және 3 пен 5 ай аралығындағы 250 төлдің жағдайын қадағалап, шөппен қоректенуге бейімдейді. Оларға уақытылы жем-шөптерінің берілуін бақылап, қотыр, аусыл, өттеу, бруцеллез, тағы басқа да түрлі аурулардың алдын алу мақсатында дәрі егумен айналысады. Алдағы уақытта бір-бірін сүзіп жарақаттамау бағытында және барлық қажетті дәрумендер бұзаулардың өн бойында қалуы үшін мүйіздерін күйдіреді.
Гүлстан Қаршығақызы жұмысқа кіріскен күннен-ақ, төлдердің жағдайы біршама жақсара түскен. Атап айтқанда, олардың іш аурулары азайып, ай сайынғы салмақ қосу жоспары бір ізге түсірілген. Енді ол бұзаулардың ауырмай, өсе беруіне және төл санының көбеюіне күш-мүмкіндігін жұмсайды.
Біз аудандағы агроөнеркәсіп саласына белсене араласып, еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігінің сақталып, өсіп-өркендеуіне қомақты үлесін қосқан нәзік жандарға ерекше сүйсіндік.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.
05 наурыз 2018 ж. 1 935 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930