Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түймедақтың денсаулыққа пайдасы

Түймедақтың денсаулыққа пайдасы

Түймедақ (ромашка) — өте пайдалы өсімдіктердің бірі. Себебі оның гүлінде адам ағзасына оң әсерін беретін эфир майы бар. Сонымен қатар өсімдіктің құрамындағы флавоноидтар бактерияларды жойып, аурудың асқынуына қарсы тұруға ықпал етеді және құрамындағы пайдалы майлы қышқылдар зат алмасуды реттеп, тәбетті ашады, ағзаға зиянды токсиндер мен шлактарды бөліп шығарады. Осы секілді гүлдің пайдалы және зиянды тұстарымен танысқыңыз келсе, бізбен бірге болыңыз.
• Түймедақ гүлін іш кебу, іш өту, іштің түйіліп ауруында, асқазан жарасында және ас қорытудың бұзылуында көп қолданылады. Сонымен қатар оның тұнбасымен тұмауды, баспаны емдеп жазуға болады және дене қызуын түсіретін де қасиеті бар. Түймедақ жүйке жүйені тыныштандыратын ең таптырмас емдік шөптердің бірі. Ұйқыға жатар алдын түймедақтан демделген бір шыны шайдың өзі шаршауды басып, тыныш ұйықтауға ықпал етеді.
• Бұл өсімдік бүгінде косметикалық зат ретінде кеңінен қолданысқа ие. Ол бет терісінің қызаруын басып, ондағы бөртпелерді кетіруге және майлы беттерді тазалауға көмектесе алады. Түймедақ гүлдерінің тұнбасымен компресс жасау арқылы көздің шаршауын басып, қызарғанын емдейді.
• Өсімдіктің шашымызға да тигізер пайдасы көп. Мәселен, шашты тазалап сусабынмен жуып болғаннан кейін, гүлдің тұнбасымен шашыңызды шаятын болсаңыз, сусабынның құрамындағы зиянды химиялық заттардың залалын ауыздықтап, шашты қатайтып әрі нәрлендіреді. Сонымен қатар шашқа табиғи жылтырлық сыйлап, жібектей жұмсақ етеді. Әсіресе майлы және қайызғағы көп шаштарға осы түймедақ тұнбасы көмектесе алады.
Түймедақтан дайындалатын емдік шайлар
Тыныштандыратын шай
Бұл шайды дайындау үшін түймедақ гүлдерінің 1 шай қасығын 1 стақан қайнаған сумен араластыру керек. 1 сағат тұндырып қойып, ұйқы қашқанда немесе қатты шаршағанда, 1 шай қасық бал қосып, төсекке жатар алдында қабылдаса, түнгі ұйқыңыз тыныш, ал таңертең сергіп оянасыз.
Жел айдайтын шай
Мұндай шайды ішу үшін ең алдымен түймедақ гүлдерінің 6 бөлігі мен шүйгіншөп (валериана) тамырының 4 бөлігін және зиренің (тмин) 1 бөлігін алып, жақсылап араластырасыз. Одан соң осы шөптердің қосындысынан 1 ас қасық алып, үстінен 1 стақан қайнаған су құйып, 20 минут тұндырып қою керек. Дайын шайда таңертең және кешке жарты стақаннан ішіп отыру керек.
Қызыл иек қабынуына арналған тұнба
Мұндай дертке шайқурай (зверобой), дала қырықбуыны (хвощ), түймедақ гүлі мен қырмызы (календула) шөптерінен 1 шай қасықтан алып, үстінен жарты литр су құю керек. Содан соң 30 минут тұндырып, қызыл иек қабынғанда күніне 5-6 рет осы тұнбамен шаюға болады. Баспаға (ангина) қарсы шай
Түймедақ гүлінің 3 бөлігі мен жөке ағашының (липа) 2 бөлігінен 20 гр алып, оны 1 стақан қайнаған суға демдейсіз. Содан соң 20 минут тұндырып, дайын тұнбамен тамақты күніне бірнеше рет шаю керек. Ал бүйрек ауырғанда түймедақтан дайындалған тұнбаны жылы күйінде күніне 3-4 рет жарты стақаннан қабылдауға болады. Сонымен қатар іш түйіліп ауырғанда, тамаққа дейін 1 ас қасықтан дәл осындай тұнбаны ішу керек.
ЕСКЕРТУ
Басқа өсімдіктер секілді түймедақтың да пайдасымен қатар залал келтіретін тұстары бар. Мәселен, түймедақтан дайындалған шайды немесе тұнбаны аяғы ауыр әйелдердің ішуіне мүлде болмайды. Себебі болашақ ананың ішіндегі нәрестесіне бұл кері әсер етіп, түсік тастап қою қаупі бар. Сондықтан да бұл өсімдікті жүкті әйелдердің барынша тұтынбағыны абзал. Дегенмен, түймедақпен тұмау кезінде, тамақ ауруларында ингаляция жасау арқылы айығуға болады және тамақты шаюға да мүмкіндік бар. Тек жүкті әйелдер түймедақты ішке қабылдамаса болды.

massaget.kz
18 қаңтар 2018 ж. 44 524 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 82

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930