Қаңғыбас ит қаппасын
Ұзына бойы ирелеңдеп жатқан көшедегі әрбір үйдің баласы қай тұста қабаған ит барын, қай аумақта қаңғыбас иттің «хандық» құратынын жақсы біледі. 2000 жылдардың айналасында екі баланың бірінің басында қабаған иттің тісі қалатын. Көбіне ойын қуған балаларды үй жыртқышы қуып, балтыр етін жалбыратып жібереді.
Бірақ соған бола төсекпен достасатын бала қайда? Ертесіне-ақ ақсаңдаған аяқпен аяқдопты алдыға салып, зытқып жүреді. Өзіне шапқан итті анадайдан байқап, қос қолындағы тоқпақ тасты кезектеп лақтырады. Кеше иесінен, бүгін баладан оңбай таяқ жеген жануар құйрығын бұтының арасына байлап, тырқырай қашады. Бірақ бүгінгі күн мүлде бөлек. Қазір үйдегі ит біреудің баласын тырнап алар болса, абақты есігі айқара ашылуы мүмкін. Бұл біз өмір сүретін ортаны қауіпсізірек ету үшін қабылданған шешім екені даусыз. Содан да болар көшеде қаңғыған ит сиреп, үйдегі «қарақасқаның» темір шылбыры қалыңдаған. Алайда бұл аудандық ветеринария бөлімінің ит атушыларының жұмысы жеңілдеді деген сөз емес.
Негізінен қаңғыбас иттерді аулауға, құтырған иттердің көзін жоюға қаражат облыстық бюджеттен бөлінеді. Жыл басында осы тірліктер үшін 4 миллионнан астам қаржы бөлінген. Содан кейін арнай аңшылар қаруларын сайлап, осы кезге дейін бес жүздей ит пен 113 мысықтың көзін жойды. Бұған 600 мың теңгеден сәл асатын қаржы жұмсалғанын ескерсек, жыл аяғына дейін базар маңы мен қоқыстарды айналшықтаған, ауру таратуға биім есімсіз «құтжолдар» мен «муркалардың» талайы тіл тартпай кететінін түсінуге болады. Өйткені, құзырлы мекеме мамандары берген мәліметте, былтыр 2087 ит пен 227 мысық атылғаны көрсетілген. Әйтпесе, адамға шапқан135 ит пен 12 мысықтың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін еді. Құзырлы орган өкілдері адам денсаулығына зиян келтірген ит иелеріне шара көріп, «бос жібермейміз» деген уәдесін алған.
Биыл да адам аңдыған үй жануарларының шылбырдан жиі босап кетіп жүр. Жыл басталғанына үш ай толмаса да егесі бар 13 ит талайдың тобығына жармасқан. Далада қаңғыған тағы 12 ит пен 2 мысық «қылмыс» жасағаны мәлім. Әйтеуір, адам өлімі тіркелмегені көңілді демейді. Десек те ит асыраушылар жұрт қауіпсіздігіне салмақты қарап, тұрғындар қаңғыған иттен қашық жүргені абзал.
Осы тұста аудандық ветеринария бөлімі құтыруға қарсы ауқымды жұмыс істеп жатқанын тілге тиек ете кетейік. Айтуларынша, құтыру ауруына қарсы биыл 3000 мүйізді ірі қараға, 4000 уақ малға, 500 жылқыға, 2000 ит пен 500 мысыққа вакцина еккен. Көпшілікке көп таныс емес «аусыл» ауруына қарсы 40 мың жануарды вакцинацияладық дегенді айтады. Бұдан бөлек «эхинококкоз» деген дертке қарсы 3000 ет қоректі жануарға ветперпарат берілді.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ