Ит неге ұлиды?
Бала кезімізде түнде үрейімізді ұшыратын дауыстың бірі – иттің ұлуы еді. Ұйқыда жатқан балаң көңілді біреу келіп, қасқырлар торуылдаған орман арасына тастап жібергендей күй кешетінбіз. Бұл кішкентайлардың ғана емес, үйдің үлкендерінің де жүйкесіне жүк түсіретін. Төрдегі керуетте жатқан әжеміз көрші бөлмедегі әкемізге қатқыл дауыспен: «Әй, анау басын жұтқыр иттің үнін өшіріңдер», – деп пәрмен бергеніне талай куә болдық. Өйткені әжеміз иттің ұлығаны жамандық шақырғаны деп сендіретін.
Бірақ байлаулы ит қанша тоқпақ көрсе де ұлығанын еркінен тыс жалғастыра беретін. Ежелден адамның досы, жеті қазынаның бірі саналған қасқыртектес үй жануарының неліктен біздер үшін жағымсыз үн шығаратынын кейін білдік. Сөйтсек ол да тіршілік иесі болғандықтан жалғыздық, қуаныш, қайғымен кезігіп, алабұртқан көңіл-күйде болады екен. Бұдан бөлек арғы тегі қасқыр тұқымынан тарағандықтан ұлу олар үшін басқа тайпаластарымен байланысудың, тілдесудің амалы ғана. Десек те кез келген жаратылыстан сиқырлы күш, қылығынан себеп іздеуді әдетке айналдырған адамдар иттің ұлуы да тегін емес екеніне сендіргісі келеді. Бұны жоққа шығаруға да әсте болмас. Өйткені ел аузында көпшілікке ой салар мынадай бір әңгіме бар.
Ілгеріде бір кісінің иті күніге кешке жақын ұлитын жаман əдет шығарыпты. «Жаманшылық шақырып жатыр» деп ойлаған əлгі кісі “басыңа көрінгір” деп итін қарғайды екен. Қала берді үйінен аулаққа қуып тастайды. Жануар болса үйін айналсоқтап әдетін тоқтатпайды. Сондай күндердің бірінде əлгі кісінің үйіне бір диуана қайыр сұрап келіпті. Үй иесі жеті теңгесін қайырымдылыққа қия салып, кері бұрылып кетіп бара жатса әлгі диуана: “Аспанға қарашы”, – дейді. Қараса, қап-қара қорқынышты бір алып дененің өзіне таяп келе жатқанын, ал итінің ұлып жақындатпай тұрғанын көреді. Сəлден кейін əлгі қара түсті беймәлім нəрсені өзінің берген жеті теңгесі қуалап кете барыпты. Осының бəрін көзімен көрген иттің иесі диуананың тегін адам емес екенін біліп, алғысын жаудырған-мыс. Сол күннен бастап ит де ұлуын қойған.
Үй жануарының ұлуы естір құлаққа шынында көңілсіздіктің, қайғы-қасіреттің лебін сездіретіні рас. Түн тыныштығын бұзып, үрейлі естілетін бұл үн иттің жан дүниесіндегі құбылысты білдіретін шығар. Мәселен, кейде көрші үйдің иті дыбыс шығарғанда жаны қиналып, иесін көмекке шақырғандай көрінеді. Сондай-ақ иттер тамақ сұрағанда, егесіне сағынғанда, тіпті болмаса жай ғана басқа ұлыған иттерге еріп танауын аспанға қаратуы таң қалатын дүние емес. Бірақ ұлығанда «жағы қарыссын» деп қарғайтын қариялардың ойындағы себеп қорқыныштан туындайтынына дауласпаймыз. Өйткені кейбір сенім бойынша төртаяқтылардың ауруды немесе өлімнің келуін сезетіні айтылады. Адамдардың ит ұлығанда «Басыңа көрінсін», «Өзімен кетсін» деп жаман тілектер жаудыруының себебі осында жатса керек.
Адам баласы бірдеңеден секем алғанда немесе күдіктенгенде айқайға басады, жылайды. Бәлкім ит те бізге беймәлім нәрседен сезіктеніп ұлуы мүмкін. Ислам дініндегі бұның себептері осы нұсқамен сабақтасады. Олар жын-шайтанды көргенде ұлиды деуге негіз бар. Өйткені сахаба Жәбир ибн Абдилладан (р.а.) жеткен бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Егер, түнде иттің үргенін және есектің ақырғанын еститін болсаңдар, Алладан пана тілеңдер («Әғузу билләһи минаш шайтанир ражим» деп айтыңдар). Шынында олар сендер көрмейтін нәрсені көреді», – десе керек.
Тағы бір хадисінде: «Қораздың шақырғанын естігенде Алладан молшылығын сұраңдар. Өйткені, қораз періште көргенде шақырады. Ал есектің ақырғанын естігенде (немесе иттің үргенін), Алладан пана тілеңдер («Әғузу билләһи минаш шайтанир ражим» деп айтыңдар). Шынында, ол шайтанды көргенде ақырады», – дейді. Осы соңғы хадистің арабша нұсқасында “иттің үргені” туралы айтылмағанымен, екі хадисті ұштастыра келе шайтанды көргенде иттің ерекше дауыс шығаратынын түсінуге болады.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ