Құтырған ит қаппасын
Адамды құтырған ит қапса арты жақсылыққа апармайтынын білеміз. Уақыт оздырып алғаннан кейін ғана ем қабылдауға барған адамның жағдайы тіпті қиындай бастайды. Бұл жайында тиісті сала мамандары түсіндірме жұмыстарын қаншалықты жүргізіп отыр? Аудан көлемінде құтырған жануарларды жою, олардың көбеюіне тосқауыл қою ісі жолға қойылған ба? Осы сұрақтар кент көшелерінде өріп жүрген жүгенсіз иттерді көргенде еріксіз ойға оралады.
Иесіз жүрген иттерді базар маңы мен шет аймақтардан көптеп байқауға болады. Топтасып жүріп, түні бойы ұлып шығатын олар сол тұстағы тұрғындардың үрейін ұшыратыны рас. Бұрындары қарғыбаусыз жүрген “азу тістілерді” қосауыз мылтық құрбанына айналдырған ағаларды көргенде өне бойымыз мұздап кететін. Кейінірек мұндай шара адамдар қауіпсіздігі үшін жасалып жатқанын түсіндік. Ал бүгінгі күні көше кезген иттерді көбірек, қоғамға қауіп төндіруі мүмкін жануарды жоятын азаматтарды сирек көретініміз жасырын емес. Алайда аудандық ветеринария бөлімінің мамандары өткен жылы жүйелі жұмыс жасалып, иесіз жануарларды аулау қарқынды жүргізілгенін айтады.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды азайту, жою бағытында өткен жылы аудандық бюджеттен қаржы қаралып, арнайы комиссия құрылған. Аталған топтың шешімімен аудандық ветеринариялық станциясы қызметкерлері құрықтаған жануарлардың өлексесін қала, кент және ауылдық округтердің тысқары аймағында орналасқан мал қорымдарына жеткізеді. Нәтижесінде жылдық есеп бойынша ауданда 3837 ит, 738 мысық ауланып, қаржы толығымен игерілген.
Осы тұста өткен жылы ауданда қаңғыбас иттер мен жануарлардың қатысуымен болған қиындықтар туралы айта кеткен жөн. Атап айтсақ, 157 ит, 12 мысық, есек, жылқы, тіпті түлкі мен борсыққа дейін адамға шабуыл жасап, әртүрлі дене жарақатын салған. Сала мамандарының сөзіне сенсек, бүгінгі күні бақылауға алынған жануарларда құтыру ауруының белгілері байқалмайды. Соған қарағанда осы мәселеге жауапты ұйым жұмысы жүйелі жүргізілгенге ұқсайды.
Үй жануарының абайсызда аулаушылар құрығына түсіп қалуынан қауіптенетін азаматтар бар болуы мүмкін. Олар ит немесе мысығын тіркеуге қойып, құжат алуы тиіс. Қазіргі таңда аудан бойынша 3632 ит, мыңға жуық мысық есепке алынып, құжаттандырылған.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ