Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек түбі – береке

Еңбек түбі – береке

Қазалы халқы кәсіпкерлікті жақсы меңгерген деп айтуға негіз бар. Өткен ғасырда саудагерлердің дария арқылы заттарды тасымалдағаны жайлы жазылған деректер дәлел болады. Міне содан бері тұрғындар сауда-саттық пен түрлі кәсіп өнерінің қыр-сырын әбден меңгерген. Қазір де қазалылықтар заман талабына сай жеке іс ашып, оны жан-жақты дамытуда. Солардың бірқатарына тоқталуды жөн көрдік.

Гүлсая ҚҰТЖАНОВА, Бірлік ауылының тұрғыны:
–Негізгі мамандығым филолог. Алматыда оқу бітірген соң жұмыс істеп, тұрмыс құрдым. Алайда үлкен ұлымның денсаулығы сыр беріп, қала ауыстыруға тура келді. Осылайша отбасыммен ауылға келдік. Жолдасым Мұратбек «РЗА сүт» ЖШС-інде технолог болып жұмыс атқарды. Мен бала күтімімен үйде отырдым. Кәсіп ашуды сол кезден бастап ойланып жүргенбіз. Бірде Шым қалада кинотеатрда попкорн алып неге біз де шығармасқа деген ой келді. Интернеттен оның аппараттын іздедік. Қолдағы жинаған қаражатты жүгеріні қалай дайындау әдісін үйреніп, қажетті құрылғы алуға жұмсадық. Кейін жеңілдетілген несие алып, үш апаратты орнаттық. Олар жүгеріні жарады, қант пен карамельді араластырады және кептіреді.
Қазір өнім Қазалыдан бөлек, Арал, Қармақшы, Байқоңырға тасымалданады. Енді Қызылордаға да жіберу жолдарын қарастырудамыз. Қарамағымда үш адам жұмыс істейді. Жоспар көп. Дегенмен Томпидың қазақы нышанда кейіпкерін шығарып балаларға ұсынуды ойластырудамын.

Алмагүл ТӨЛЕПОВА, Жанқожа батыр ауылының тұрғыны:
– Кәсібімді осыдан үш жыл бұрын ақпан айында бастадым. Ауылды қаржылай қолдау қорынан 3,5 миллион теңге 6 проценттпен 5 жылға несие алып арнайы кафельді желім дайындайтын шикізаты мен илейтін жабдығын әкелдім. Осылайша Әйтеке би кентінен цех ашып, 2 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Ағам Жаржан ісімнің өрлеуіне қолғабыс жасауда. Әзірге күн суығанда жұмысты тоқтата тұруға тура келеді. Себебі шеге құмды күнге қыздырып, кептіру қажет. Енді бұйырса мамырда бастаймыз. Бір мезетте 10 тонна құм әкеліп, оны жұқалап жайып кептіру керек.
Жалпы сапасы жақсы, бағасы да қолжетімді. Мұнымен қоса ауыл арасында "дождик" деп атайтын үй сыртын әрлеуге арналған сылақты да дайындаймыз. Алға қойған мақсат жетерлік. Соның бірі – мерзімді жұмыс жасамай, кәсіп аясын кеңейтіп істі тоқтатпауды көздеп отырмын.

Асылбек АЛМАҒАМБЕТОВ, Әйтеке би кентінің тұрғыны:
– Қазіргі таңда аудандағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың сәулеттік келбетін заманауи әрі көрікті болуы үшін бетоннан және клинкерлі термопанельдерді шығарып, ғимараттардың сәнін келтірудеміз. Бұл біздің отбасылық бизнесіміз. Жалпы сұраныс та жаман емес. Алғашында ауыл-аймақтың тұрғындары алып жүрді 2 жыл дегенде ауыздан-ауызға тарап, сырттағылар да келіп саудалайды. Өтімі көңілді көншіткен соң Аралдың арнайы инста парақшасына жарнама бердік. Бүгінде Арал, Сексеуіл, Қармақшы, Байқоңырдың жергілікті халқы тапсырыс беруде. Сапасы өте мықты, ұзаққа жарайды әрі халықтың қаражатына салмақ түспейді. Жеңілдіктер де қарастырылған. Кейде қаржы жетпей қалған тұтынушыларға келісім-шарт арқылы бөліп төлеуге заңдастырамын. Негізі бұл кәсіпті өз қаражатыма ашқан болатынмын. Өз өзін ақтайтын болған соң жақында "Халық" банктен "Даму" акционерлік қоғамы арқылы 5 миллион теңге 2 жылға несие алдым. Алдағы уақытқа қажетті құжаттар дайындап, бағымды мемлекеттік гранттан байқағым келеді. Қайтарымсыз қаражат берілсе палестирол бетон шығару жоспарда бар. Көлемі жағынан ұзындығы – 50, биіктігі – 30, қалыңдығы – 20 сантиметр болады. Газоблокқа ұқсас бірақ олардан айырмашылығы жылырақ, әрі төзімдірек келеді. Жалпы бұл өнім облыста жоқ. Сондықтан алғашқылардың бірі болып осы жаңа істі жаңғыртуды ойлап жүрмін.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
30 наурыз 2021 ж. 3 345 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930