Қазақстандағы алғашқы попкорн Қазалыда шығарылады

Ел тұрғындарына Қазалы кәмпиті, «Дәмді» сүтімен танылған Қазалы ауданы енді дәмі тіл үйірер попкорн арқылы тұрғындар сұранысына қызмет етпек. Бүгінде Қазалы, Арал, Байқоңыр және Қызылорда қаласынан попкорн өніміне сұраныс жоғары. Ерекше кәсіпті бастаған Гүлсая Құтжанова попкорн шығару идеясы кинотеатр алаңында іске асты дейді.
– Мен «Бизнес Бастау» бағдарламасының оқыту курсынан өтіп, аймақтық инвестициялық орталығынан несие алып, кәсібімді бастадым. Несие қаражатына Ресейден 3 құрылғы әкеліп, жұмысты бастап кеттім. Қазірдің өзінде үш бірдей қызмет цех жұмысын жандандыруға атсалысып жатыр.
Попкорнның нарықтағы құны да қымбат емес. 80 теңге. Кәсіпорын қазірдің өзінде 20 мың попкорн өнімін өндіреді. Ол ендігіде қораптағы жүгері шығаруға ниетті.

Шарайна ШЕГЕНОВА