Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әсемдік әлемі

Әсемдік әлемі

Осыдан жиырма жыл бұрын Әйтеке би кентінде алғашқылардың бірі болып сұлулық салонын ашқан Гүлзия Жақсылыққызы кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерген жан. Кәсібін кеңейтіп, жан-жақтылығымен көзге түскен келіншек қазір бірнеше кәсіп түрін дөңгелетіп отыр. Жақында ғана келушілерге қайта есік ашқан жаңа «Арай» сұлулық салоны Мұстафа Шоқай көшесінің бойында орын тепті. Әсемдік әлеміне айналған орында 22 адам жұмыс істейді. Ерлер және әйелдер залы бар.
Қыз-келіншектерге сұлулық сыйлаған «Арай» сән салонында өз ісінің шеберлері шаш қиып, бояп, сәндейді. Келуші талғамына сай етіп, бет әрлеп, қол, аяқ тырнақтарының да күтімін жақсартады. Қазір нәзік жандылар арасында кірпік жалғау сәнге айналған. Осы орайда түрлі көлемдегі кірпік жалғау, қас бояу, жасанды шаш өсіру және оны ламинаттау, химиялық жолмен бұйралау да салонда көрсетілетін қызмет түрлері. Парафинотерапия және өзге де заманауи косметологиялық өнімдер арқылы бет терісін нәрлендіреді.
Кәсіпкердің айтуынша, қазір қай салада да бәсекелестік қызып тұрған шақ. Сондықтан өзгелерден оқ бойы озық тұру үшін сапалы әрі жоғары деңгейде қызмет көрсету аса маңызды.
– Бірнеше жылдан бері «Арай» салонының тұтынушысымын. Қыздардың қызмет көрсетуі ұнайды. Барлығы кішіпейіл әрі өз жұмысын жетік меңгерген. Ойыңдағыдай етіп шаш сәндеп, бетіңді әрлеп береді. Жыл өткен сайын шаш өсіру, оны күтудің, бет терісін жақсартудың да түрлі тәсілдері пайда болуда. Бұндай жаңашылдықтан салон қызметкерлері қалыс қалмай, келушілерге сапалы қызмет көрсетуде», – дейді Гүлмира Берденова.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
29 қаңтар 2019 ж. 2 730 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 211

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 145

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031