Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талантымен танылғандар

Талантымен танылғандар

Ел іші – өнер кеніші деп бекер айтпайды біздің жұрт. Шынымен де халық арасында талайды талантымен таңғалдырып, көрген адам аузының суы құрып айтып жүретін жезтаңдай әнші де, он саусағынан өнер тамған суретші де бар. Оларды іздеп тауып, жарыққа шығару жауапты іс. Осы орайда өткен аптада Қазалы аудандық мәдениет орталығында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Талантыңмен таң қалдыр» өнер байқауы өтті.

Жалпы саны 10-ға жуық талапкер қатысып бақ сынасқан байқауда қатысушылар үшін жас шектеуі қойылмады. Балабақша жасындағы бүлдіршіндерден бастап, жасы отыздан асқан жігіт ағаларына дейін сахна төріне шығып, жиылған жұртқа өнерлерін көрсетті.
Жыл сайын ұйымдастырылып, жалғасын тауып келе жатқан шараға осы жылы талапкерлердің өнерін бағалау үшін арнайы құрылған қазылар алқасының құрамында аудандық мәденет орталығы жанындағы №1 демалыс кешенінің маманы Жантұрған Тоқмамбет, «Қазалы» газетінің тілшісі Ақтілеу Қалдыбай және халықтық театрдың суретшісі Әбілхайыр Өтелбаев отырды.
Қатысушылар саны аз болғанына қарамастан жарыс жоғары деңгейде өтті. Оған қатысушылардың дайындап әкелген нөмірлерінің әралуандығы дәлел.
Жарыс қорытындысымен қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдеге орыс, түрік, француз, ағылшын, неміс тілдерінде мүдірмей сөйлеп, шешендік өнерін көрсеткен Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің мұғалімі Сымбат Тиышбай лайық деп танылды. Жүлделі екінші орынды кенттік клуб қызметкері Нұржан Нұғыман ерекше сурет салу өнерімен еншілесе, үшінші орынға балабақша бүлдіршіндерінен құралған «Әдемі-ай» би тобы ие болды. Барлық қатысушыларға арнайы диплом тапсырылып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Жасын СҮГІРӘЛІ

20 ақпан 2021 ж. 2 720 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930