Мемлекеттік қызметшілердің өнер байқауы
Астана қаласының 20 жылдығы және 23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік қызмет-мәртебелі міндет» атты аудандық байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру және мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру болып табылады. Байқауға қатысушылардың жасына шек қойылмады. Байқауда 8 талапкер бақ сынасты.
Талапкерлер үш шарт бойынша сайысқа түсті.
1. «СӘЛЕМДЕСУ» – Қатысушы өзін өлең-жырмен, қара сөзбен жан-жақты таныстыру.
2. «ҚАЗАҚ СӨЗІ» - Мемлекеттік тіл туралы басталған қанатты сөздерді аяқтайды және 3 түрлі жаңылтпашты жаңылмай 3 рет айтудан жарысқа түсу .
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі, тілдерді дамыту саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер туралы сұрақтарға жауап беру.
3. «ҮЙ ЖҰМЫСЫ» - Өз өнерін көрсету.
Мемлекеттік қызметшілер спорттық жарыстармен қатар, өздерін өнерденде құр алақан еместерін көрсетті. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылды. Қазылар алқасының төрағасы, Қазалы ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Абдуллаев Бақытбек Аманжолұлы, қазылар алқасының мүшелері, Қазалы ауданы әкімі аппаратының кадр бөлімінің басшысы Жөлекешов Әділхан Оңдасынұлы, Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Лайық Айгүл Бөкенбайқызы талапкерлердің өнерін сарапқа салды. Қазылар алқасының шешімімен және барлық шарттардан сүрінбей өткен Қазалы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Құрманбаев Қонысбек бас жүлдені иеленсе, тығырықтан мүлтіксіз шыға білген Басықара ауылдық округінің әкімі Сисенов Ғалымбек І-орынды, өнерлі мемлекеттік қызметшілер екендігін паш ете білген Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Тлеубаев Мерей ІІ-орынды, “Шәкен ауылдық округі әкімінің аппараты” КММ-нің бас маманы Жүнісова Салтанат ІІІ-орынды жеңіп алып, баға сыйлықтармен мараптталды.
Сонымен қатар, өнерден кемде емес “Әйтеке би кенті әкімі аппараты» КММ-ның бөлім басшысы Құлмұратов Тәуіржан, «Көларық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің бас маманы Табынбаев Жаңбырбай, «Қазалы қаласы әкімінің аппараты” КММ-нің жетекші маманы Ерімбетов Талант, «Сарыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты” КММ-нің бас маманы Қожаназаров Қанаттар ынталандыру сыйлығына ие болды.
Барлық талапкерлерге Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Жарылқағанов Әлімжан Мұратбайұлының Диплом, Алғыс хаттары табысталды. Өнерлеріңіз өрге жүзсін мемлекетік қызметшілер! Алған марапаттарыңыз еселене түсіп, алдағы келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын!