Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сыңғырла,сазды сырнайым

Сыңғырла,сазды сырнайым

Тасарық ауылдық округіне қарасты Лақалы ауылында «Сыңғырла, сазды сырнайым» атты баян аспабымен ән орындаушыларының аудандық байқауы өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын негізге ала отырып, қазақтың халық әндерін өскелең ұрпаққа ұғындырып, ел арасында танылмай жүрген таланттарды көпшілікке насихаттау мақсатында өткізілген шараға 16 талапкер қатысты.
Өнер кешенінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Лайық талапкерлерге сәттілік тіледі. Аудандағы баян аспабын меңгерген танымал өнерпаздар шығармашылығы мен суреттері жинақталып, "Тербеген сазбен аймағын..." тақырыбында көрме жасалды. Байқауға аудандық балалар музыка мектебінде баян класының оқытушысы әуесқой композитор Ә.Байсеңгір, Қазалы қалалық мəдениет үйінің директоры, жыршы-термеші Əзілхан Мақсатбаев, аудандық мəдениет орталығының қызметкері, əнші Əділ Мұрат қазылық жасады.
Ереже бойынша екі кезеңде өткен байқауда талапкерлер жақсы өнер көрсетіп, қазылар алқасының шешімі бойынша ең жоғары дәрежеде баянда ойнау, ән айту шеберлігі үйлесім тапқан Ақтан батыр ауылының өнерпазы Серік Ерболатов бас жүлдеге ие болды. Бірінші орынға Тасарық ауылынан Асылхан Сахиев лайық деп танылса, екінші орын Басықара ауылынан қатысқан Индира Ағыбаева берілді. Үшінші орынды Лақалы ауылынан Әділхан Мақсатбаев пен Аранды ауылынан Дәулет Айдаров бөлісті. «Шебер орындаушы» және «Талантты әнші» номинацияларын Ақсуат ауылынан Ғабит Өтепберген мен Әйтеке би кентінен Салтанат Шайзадаева иеленді. Қатысушы талапкерлерге «Алғыс хат», жүлдегерлерге «Диплом» мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Байқау соңында Лақалы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алтынбек Жұбаниязов ақсақал өнерпаздарға батасын берді.
Айнұр МЕЙРАМБАЙҚЫЗЫ,
Лақалы ауылы.
15 желтоқсан 2017 ж. 2 407 0

Жедел көмек жан сақтайды

06 желтоқсан 2024 ж. 173

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031