Талантыңмен таң қалдыр
Аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Талантыңмен таң қалдыр» өнер байқауы өткізілді.
Онда кент, қала және ауылдық округтерден келген қатысушылар түрлі жанрдағы таңқаларлық өнерлерін ортаға салды. Сахна төріне шыққан олар жарылған әйнектің үстінен жалаң аяқ жүру, бір минут ішінде кез келген ағаштан, темірден сан түрлі бұйым жасау, әртүрлі сиқырлар көрсету арқылы көрермендерді таң-тамаша қалдырды.
Қазылар алқасының ұйғарымы бойынша бас жүлде Әйтеке би кенті №234 мектептің 10 сынып оқушысы Ерлан Қуаңбаевқа берілді. Бірінші орын Ерасыл Сапарбекке, екінші орын Нұрсұлтан Нұрмашқа бұйырды. Ал үшінші орынды Мадияр Қараман, Олжас Әбілқазы, Аруназ Әбу еншіледі. «Талантымен таң қалдырған» номинациясы Қазалы көлік техникалық колледжінің студенті Ерсұлтан Таншайбекке тапсырылды. Қалған талапкерлердің барлығы да алғыс хатпен марапатталды.
С.БАХИЕВ