Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаңтарда 1700 киберқылмыс тіркелді. Алаяқтармен күрес қалай жүргізілуде?

Қаңтарда 1700 киберқылмыс тіркелді. Алаяқтармен күрес қалай жүргізілуде?

Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті басшысының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов интернет-алаяқтыққа қарсы күрес тақырыбында өткен дәстүрлі брифинг барысында айтты.

Қазіргі уақытта интернет-алаяқтықпен күрес полиция қызметінің басым бағыттарының бірі болып отыр. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар белең алды. Пандемия кезінде онлайн қызмет алатындар саны көбейгендіктен, кибералаяқтықтың да саны артты. Былтыр 14 мың қылмыс жасалса, қаңтарда 1700-ден астам киберқылмыс тіркелді, - деді Нұрмағамбетов.
Ол атағандай, алаяқтар әртүрлі өңірде болады. Қылмыскерлер әлеуметтік инженереияны жақсы меңгерген.
Олар әлеуметтік желілер мен жеке мәліметтерді, электронды шоттарға алаяқтық арқылы қол жеткізеді. Олар өмірдің барлық жағдайына бейімделе алады. Бір алаяқтың артында әртүрлі банк карталары мен әртүрлі адамның атына жазылған телефон нөмелері болады, - деді Криминалдық полиция департаменті басшысының орынбасары.
Нұрмағамбетов атағандай, Ішкі істер министрлігі киберқылмыспен күресу аясында бірқатар іс-шараны қабылдады.
Өңірлерде қылмыстарды анықтау және алдын алу бойынша мамандандырылған топтар жұмыс істейді. Бұл бағыт бойынша болашақта да шаралар қабылданатын болады, - деді ол.
15 ақпан 2021 ж. 3 146 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031