Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 32 ресейлік алаяққа қатысты қылмыс тергелуде

Елімізде 32 ресейлік алаяққа қатысты қылмыс тергелуде

ҚР ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев интернеттегі алаяқтар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алаяқ сатып алушылар жарияланған жарнамаларды көріп, иелеріне хабарласады. Әңгіме барысында «сатып алушы» тауарды алатынын айтып, «ешкімге сатпа» деп алдап, алдын ала ақшаның бір бөлігін жіберетінін айтып сендіреді. Ақшаны аударып жіберу үшін пластик картаның нөмірін жіберуді өтінеді. Біраз уақыт өткеннен кейін тауар иесіне қайта қоңырау шалып, ақшаны аудару үшін телефонға СМС күйінде келген кодты жіберуді сұрайды. Басқа жағдайда банкоматқа келіп, тауар иесіне қандай операцияларды жүргізу керектігін түсіндіреді», - дейді ол ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Осылайша, СМС арқылы келген кодты білгеннен кейін алаяқ интернет-банкингке қосылу амалын біліп алады.

«Мәселен, Қостанай облысында осындай алаяқтыққа қатысты 32 іс қаралып жатыр. Сол қылмыстың бәрі Ресей аумағынан жасалған. Азаматтардың шоттарынан алдап шығарылған сома үшінші адамның шотына түсіп отырған. Ресейлік әріптестермен бірге қажетті шараларды іске асырып жатырмыз», - деді ІІМ өкілі.

Сонымен қатар, Рүстем Дүйсетаев кейбір азаматтарға «банктің өкіліміз» деп хабарласып, тұзаққа түсіріп жатады.

«Кейбір әккілері тіпті карточканың шоты арқылы зардап шеккендердің депозитін «тазартып» кетеді», - дейді ол.
inform.kz
27 желтоқсан 2019 ж. 1 019 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 160

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 142

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031