Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Полиция бөлімінің басшысы тағайындалды

Полиция бөлімінің басшысы тағайындалды

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен полиция подполковнигі Сабитбек Жандарбекұлы Арынов Қазалы ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Сабитбек Жандарбекұлы Арынов 1985 жылдың 25 қыркүйегінде Шымкент қаласында туған. Ол 2004 жылы ҚР ІІМ-нің Шымкент заң колледжін, 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, заңгер.
Еңбек жолын 2004 жылы Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының қылмысты іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі болып бастаған. 2006 – 2013 жылдар аралығында Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қылмыстық топтар мен қауымдастықтарды әшкерелеу бөлімінің аса маңызды істері жөніндегі аға жедел уәкілі, осы бөлімнің бастығы қызметін атқарған.
2013 – 2014 жылдары Жалағаш ауданы ішкі істер бөлімі бастығының жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары, 2014-2015 жылдары Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, 2016 жылдан департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы болды.
2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Жаңақорған ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
15 шілде 2019 ж. 4 579 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 27

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930