Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылықтар әлеуметтік сала қызметіне риза

Қазалылықтар әлеуметтік сала қызметіне риза

Еңбек нарығында қалыптасқан мәселелерді шешу және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бағытында мемлекет тарапынан түрлі бағдарлама іске асты. Халықты жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер қойылды. Осыған сәйкес «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы жүзеге асуда.
Азаматтардың кәсіп ашуын жеңілдететін жоба негізгі үш бағыттан тұрады. Оның алғашқысы бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім береді. Екінші бағыты несиелендіру мәселесін шешсе, үшіншісі, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болып табылады. Түптеп келгенде елде кәсіпкерлікті дамытып, жұмыссыздық деңгейін азайтуға арналған бағыты айқын бағдарлама саналады. Сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуына, өздерінің қолынан келетін іспен айналысуына мүмкіндік туғызып отыр.
Атап айтар болсақ, жобаның бірінші бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» жағынан 2020 жылы 150 адам қыркүйек айынан ­бастап оқытылуда. Білім алу мерзімі 2 жыл 10 айға созылады. Қысқа мерзімді қайта даярлау курсына жұмыс берушілер тарапынан кондитер мамандығына өтінімдер беруіне байланысты 20 азамат оқуды бастап кетті. Оқу курсы осы жылдың желтоқсан айында аяқталады. Оның 15-і жұмыспен қамтылса, 5 талапкерге грант беріледі деп күтілуде.
Бағдарлама баяны
Бағдарламаның екінші бағыты – жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 101 қазалылыққа несие беру көзделген. Осы жылдың 11 айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы Қызылорда филиалы арқылы 85, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы Микроқаржы ұйымы» тарапынан 31, «Сырдария-1» кредиттік серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2, барлығы 118 адамға жеңілдетілген несие берілген.
2020 жылға «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негізде 246 тұрғынды оқыту жоспарланып, топ бойынша онлайн режимде оқытылды. Курсты аяқтағаны жайлы арнайы сертификат алды. Одан 3 адам несие иеленсе, 225-сі грантқа қол жеткізді.
Бағдарламаның үшінші бағыты «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурсының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша әлеуметтік жұмыс орнына 50 адамға жалақыны субсидиялауға қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы 42 жұмыс берушімен келісімшарт жасалды. Жұмысқа 99 адам жіберілді.
Жүрекке жеткен жобалар
Жыл басында жастар тәжірибесіне 136 адамды жіберу жоспарда бар. Осы күнге 66 жұмыс берушімен келісімшарт жасалды. Қазір жастар практикасынан 167 жасөспірім өтуде.
Сонымен қатар жергілікті бюджеттен қаралған қаржының есебінен 1124 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыс атқаруда. Әрине мұндай қолдау шараларының түпкі мақсаты – халықтың әлеуметтік осал тобындағы азаматтардың, оның ішінде жастардың басым бөлігін экономикалық қызметке тартуға бағытталған.
Сондай-ақ елде төтенше жағдай жариялануына байланысты «2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту – Жол картасы» бағдарламасы қабылданған.
Жол картасын іске асыру үшін ауданда 42 жоба аясында 860 жаңа жұмыс орнын ашу діттелген. Бүгінгі күнге 933 жұмыс орны ашылып, 126 процентке орындалды.
Әлеуметтің әлеуеті жақсарды
Әлеуметтік төлемдер бойынша тұрмысы төмен 328 отбасының 1848 мүшесіне атаулы көмек тағайындалды.
Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, өкпе сырқатынан емделудің сүйемелдеу сатысындағы 160 науқасқа қосымша тамақтану үшін қаржылай демеу жасалды.
Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық дертке шалдығып, диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрмек сатып алу үшін тиісті қаражат бөлінді. Сондай-ақ үйде тәрбиеленіп, оқытылатын 79 мүмкіндігі шектеулі балаға да ақшалай көмек бекітілді.
Төтенше жағдай кезеңінде халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықпен қамтамасыз ету үшін 21521 адамға 5567 теңгеден төленді. Жекелеген санаттар үшін де қолдау көрсетілді. Атап айтқанда, Жеңістің 75 жылдығы мерекесіне орай 3 Ұлы Отан соғысы ардагеріне, 1 Ұлы Отан соғысы жылдарында медаль алған ардагерге, 484 тыл еңбеккеріне, 28 Ауған соғысы қатысушысына, 20 Чернобыль апатын жоюға қатысқандарға, 6 ядролық сынақтарға тікелей қатысқандарға, 5 Ұлы Отан соғысы қатысушыларының жесірлеріне қомақты қаражат берілді. Қазақстан Республикасының Құрметті атағын алған 5 адамға 411,0 мың теңге тағайындалды.
Сырқаттарды сауықтырған ­санаторий
«Мүгедектерді жеке оңалту» бағдарламасына байланысты әлеуметтік қорғау, медициналық, кәсіптік оңалту, білім беру және олардың қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей белсене қатысуына мүмкіндіктер жасалды. Жеке оңалту парағы берілген 125 мүгедек балаға үйден арнаулы қызмет көрсетілуде.
Сонымен қатар мәдени-әлеуметтік қызмет ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары атаулы күндерге сай тұрақты жүргізіледі. Осылайша жаны жабырқау жандардың жүрегіне қуаныш сыйлады.
Қызылорда қаласының «Талсуат» елді мекенінде орналасқан «Мүгедектерге арналған оңалту орталығына» жолдамамен 34 жан ем алуға жіберілді.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы үстіміздегі жылы қамкөңіл жандардың денсаулығын жақсартудың жеке бағдарламасымен санаториялық курорттық емделуге Сарыағаш қаласының «Салма Караван», Көкшетау қаласының «Алмаз» шипажайларына 89 мүмкіндігі шектеулі адам сауықтыруға жіберілді.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке қалыпқа келтіру бағдарламасына сәйкес міндетті гигиеналық бұйымдар және қосымша техникалық көмекші құрал-жабдықтар 604 адамға тоқсан сайын таратылуда. Сонымен бірге протезді-ортопедиялық аппараттар 220, тифлотехникалық құрылғы 30, арнаулы жүріп-тұру құралы 3, сурдотехникалық жабдықтар 13 мұқтажға таратылды.
Инватакси – қамкөңілдер көмекшісі
«Инватакси» қызметіне мүмкіндігі шектеулі жандардан 2535 тапсырыс қабылданып, қызмет көрсетілді. Жүріп-тұруы қиын І-топтағылардың ұсынысы бойынша жеке көмекшінің қызметіне 164 мүмкіндігі шектеулі жан жүгінді. Сурдо аудармашының қызметі бойынша есту қабілеті төмен сегіз адамға ымдау тілі маманы жұмыс істеді.
«Шапағат» сауықтыру орталығындағы 25 балаға арнайы белгіленген қызметкерлер жан-жақты жағдай жасауда.
Осы жылы «Әлеуметтік қызметтер порталы» енгізілуіне орай аудандағы мүгедектер мен есту қабілеті төмендерге және жүріп-тұруы қиын I-топтағыларға қызмет көрсететін жеке көмекшілер, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер құжат дайындауға көмек берді. Олар көмекке зәру жандарға және мүгедектігі бар тұлғаларға «Әлеуметтік қызметтер порталымен» жұмыс жүргізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба алу қажеттігі жөнінде түсіндірді.
Қазіргі уақытта «Әлеуметтік қызметтер порталымен» жұмыс жүргізу бойынша олардан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы өтініштер қабылданды. Тапсырыстарына сәйкес аудандық пошта торабы арқылы гигиеналық құралдары үйлеріне жеткізіліп берілуде.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
31 желтоқсан 2020 ж. 2 301 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 65

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 41

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 73

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 79

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031