Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыспен қамту жағдайды жақсартады

Жұмыспен қамту жағдайды жақсартады

Жыл өткен сайын оқу бітірген жас мамандар жаңа жұмыс орындарының ашылуына түрткі болуда. Өйткені елдің қай өңірінде де жұмыссыздыққа байланысты қиындықтар бары жасырын емес. Бұған қоса әлемге таралған пандемия тіршілікті тоқтатып, екі қолға бір күрек ұстаған шаруалардың ісіне соққы жасады. Төтенше жағдайдан қалыпты өмірге көшкеннен кейінгі міндет осы олқылықтың орнын толтырып, халыққа жаңа жұмыс орындарын ашу екені түсінікті. Жақында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің алдағы жоспарларымен бөлісті.
Қаржы министрінің мәлімдемесінде, төтенше жағдай кезінде халықты және экономиканы қолдаудың үш бағытының бірінде «Жұмыспен қамту жол картасын» іске асыруға 1 трлн теңге бағытталатыны айтылған. Соның арқасында жыл аяғына дейін елде жаңа 250 мың жұмыс орны ашылуы тиіс. Сонымен бірге кәсіпкерлерді қолдау ісі де бұрынғыша қарқында жүрмек.
– «Бизнестің жол картасын» іске асыруға қосымша 84,5 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Бағдарламада кәсіпкерлер кредиттері бойынша субсидиялау және кепілдендіру арқылы кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейту көзделген. Бұл шамамен 16 мың жұмыс орнын ашуға және 250 млрд теңгеден астам салық түсуіне мүмкіндік береді, – деді Әлихан Смайылов.
Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру барысында ауданда қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылғаны белгілі. Халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту деңгейі көңіл көншітерліктей болмаса да өсім алып келеді. Мәселен, соңғы бес жылда жұмыспен қамтылған халық саны 33 414 адамнан 34127 адамға артқан. Ал жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы 5,1 процентті құраса, өткен сәуір айында 4 процентке төмендепті.
Аудандық халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев мұндай орнықты өсу «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы тұрғындардың біршама бөлігін жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың әл-ауқатын жақсартуға, еңбек өнімділігінің артуына және жұмыссыздар санын азайтуға мүмкіндік беретінін айтады. Бұдан бөлек азаматтардың кәсіп ашуын жеңілдететін үш бағыттан тұратын жобаға күш салынған. Оның алғашқысында бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ететін болса, екінші бағытында жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ауылдар мен қалаларда несие беріледі. Сонымен қатар үшінші бағыт бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі. Бұның түптеп келгенде елде кәсіпкерлікті дамытып, жұмыссыздық деңгейін азайтуға бағыты айқын бағдарламаға ұласатынын жеткізді.
– Атап айтар болсақ бағдарламаның алғашқы бағытында бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етуге 2020 жылы 150 адамды қыркүйек айынан бастап кәсіптік оқыту көзделуде. Оның уақыты 2 жыл 10 айға созылады. Сондай-ақ қысқа мерзімді қайта даярлау курсы бойынша 200 тұрғынды 6 ай ішінде оқыту жопарланған.
Бағдарламаның екінші бағытындағы жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ағымдағы жылға 100 адамға несие бермекші. Бүгінгі таңда «Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы” арқылы 9 адам 26 млн теңге несие алды. Бағдарлама аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант (стартап) алуға 80 адам (40 адам 200 АЕК, 40 адам 100 АЕК) жоспарланса, қазіргі таңда 40 адам 530200 теңгеден мемлекеттік грант иеленіп, кәсіптерін бастап кетті. Сонымен қатар 2020 жылы «Бастау-бизнес» жобасымен 120 адам кәсіпкерлікке оқытылады.
Бағдарламаның үшінші бағыты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуға 2020 жылы ­жастар практикасына 22 жас қазалылық 14 мекемеге, әлеуметтік жұмыс орындары саналатын 22 мекемеге 54 азамат жіберілсе, ақылы қоғамдық жұмысқа 492 адам жолданды. Мұның өзі тұрғындардың жұмысты болып, нәпақасын айыруына септігін тигізеді, – дейді ол.
Айта кетейік, табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелерін кәсіпкерлікке тарту мақсатында бағдарлама аясында ұсынылатын шағын несиелерді 7 жылға, сонымен қатар жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесі 4 процентпен және көлемі 8 мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылып, шағын несиелер бөлінетін болды. Халықтың барлық санаттары үшін мемлекеттік гранттардың бірыңғай мөлшері де 200 айлық есептік көрсеткіш болып енгізілді. Әлбетте, жауапты мамандар табысы аз және көпбалалы отбасылардың да мүшелері назардан тыс қалмайтынын айтып, сендіріп отыр.
Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
16 мамыр 2020 ж. 778 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930