Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағдарлама баяны

Бағдарлама баяны

Елбасының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен «2017 – 2021 жылдары нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бекітілді.
Жаңа бағдарламаның негізгі мақсаты – өздігінен жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды және басқа да біліктілігі жоқ тұлғаларды төмендегі үш бағыт бойынша міндеттерді шешу арқылы нәтижелі жұмыспен қамту.
Атап өтсек, бірінші – талап етілген мамандықтар және кәсіпкерлік негізі бойынша жаппай оқыту және дағдыландыру, екінші – жаппай кәсіпкерлік үшін жағдай жасау, үшінші – жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және жұмылдырылған еңбекті қолдау арқылы нарықты дамыту.
Бағдарламаның бірінші бағытының негізгі ерекшелігі – азаматтардың өздігінен жұмысқа орналасуына және өз ісін ашуына барынша мүмкіндік жасау барысында, талап етілген мамандықтар бойынша жаппай оқытуға тарту. Азаматтарға бірінші және екінші мамандықты тегін алу мүмкіндігі ұсынылады.
Қазалы аграрлы-техникалық колледжіне 2017 – 2018 оқу жылында баршаға тегін кәсіптік техникалық білім беру бағытында аудандық білім бөлімі мен жергілікті атқарушы органдар берген жолдама арқылы 100 білім алушы қабылданды. Барлық бағдарламаға қатысушылар стипендиямен, бір реттік қалааралық жолақымен, ыстық тамақпен қамтылған.
Ал екінші бағыттағы дуальды оқыту бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды. Бұл тұрғыда колледжде 2017 жылдың маусым-қараша айлары аралығында «Слесарь-сантехник», «Ветеринарлық санитар» мамандықтары бойынша бағдарламаға қатысушы 40 тыңдаушы 3-6 айлық қайта даярлаудан өткізіліп, халықты жұмыспен қамту орталықтарымен біріге отырып жұмысқа орналастырылды.
Бағдарламаның басты міндеті нәтижелі жұмыспен қамтуға жағдай жасау арқылы халықтың өз табыстарын арттыруына мүмкіндік жасау болып табылады. Нәтижелі жұмыспен қамту – еңбеккерлерге табыс әкелетін шынайы, лайықты өмір сүруді қамтамасыз ететін баянды бағдарлама.
Қаршыға АРЗАҚЫНОВ,
Қазалы аграрлы-техникалық колледжі директорының
орынбасары
27 наурыз 2018 ж. 1 374 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 102

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930